Ыстық, жаңбыр: синоптиктер маусымда ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Синоптиктер Қазақстанда маусым айында ауа райы қандай болатынын болжады.
"2022 жылдың маусым айының басында Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде күндіз +25+33°С, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +38°С ыстық болады", - деп хабарлады Қазгидромет.
Еліміздің батысын қоспағанда, Қазақстанның көптеген облысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қысқа мерзімді жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел тұрады.
Температура фоны салыстырмалы түрде төмен — күндіз +15+23°С, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында – +20+28°С. Елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде ауа температурасы төмендеуі мүмкін.
Маусымның бірінші онкүндігінің ортасына қарай, Жерорта теңізі мен Орта Азияның шығыс жағалауынан келетін ауа массалары республика аумағында өте ыстық ауа райын туындатады, термометр бағандары +28+36°С белгісіне дейін, Қазақстанның шеткі оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде кей күндері +40°С дейін көтерілуі мүмкін.
Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында республиканың батысында, содан кейін елдің қалған аумағында ыстықтың беті қайтады деп болжанып отыр.
Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде өткінші жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ, шаңды дауылды ыстық және тұрақты ауа райы алмастырады.
Ауа температурасы ауытқиды:
Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +15+22°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +28+36°С-тан +18+25°С-қа дейін;
елдің оңтүстік жартысында түнде +18+26°С-тан +10+16°С-қа дейін, күндіз +33+42°С-тан +25+30°С-қа дейін.
Казгидромет бір айға арналған ауа райы болжамы кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, онкүндіктің ауа райы болжамдарымен нақтыланатынын ескертті.
Жаңалықтар
0