https://sputnik.kz/20220531/qyzylorda-oblysy-sport-lauazymdy-tulgalar-25185714.html
Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды
Қызылорда облысында спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. 27 мамырда Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 5... 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T09:42+0500
2022-05-31T09:42+0500
2022-05-31T09:42+0500
қоғам
қызылорда облысы
лауазымды тұлғалар
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_1ee5aa0b121627f9c7f14f227c185f45.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. 27 мамырда Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев сотталды. Оларға 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Еске салсақ, 2022 жылғы ақпанда Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин пара берді деген күдікпен екі айға қамалғаны туралы ақпарат тарады. Алексей Ильин қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің туған ағасы.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_d2ac6463ab1011666a9031605402389c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, лауазымды тұлғалар
қызылорда облысы, лауазымды тұлғалар
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. 27 мамырда Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев сотталды. Оларға 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.
Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2022 жылғы ақпанда Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильин пара берді деген күдікпен екі айға қамалғаны туралы ақпарат тарады. Алексей Ильин қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің туған ағасы.