https://sputnik.kz/20220531/qosshy-er-adam-bala-uryp-soqty-25198233.html
Қосшыда 40 жастағы ер адам кішкентай баланы аяусыз ұрып-соқты
Қосшыда 40 жастағы ер адам кішкентай баланы аяусыз ұрып-соқты
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T17:40+0500
2022-05-31T17:40+0500
2022-05-31T17:40+0500
өңірлер
ер адам
бала
https://sputnik.kz/img/25/11/251197_0:177:2121:1370_1920x0_80_0_0_3c7028f34926ba89c7027649a60b33d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қосшы қаласының 40 жастағы тұрғыны ұлына жақтасамын деп тоғыз жасар баланы соққыға жықты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар алаңында екі ұл бала жанжалдасып қалған. Олардың бірі әкесіне шағымданған. Ер адам балаға жұдырық ала жүгірген, тіпті басын асфальтке ұрған."Баланың жағынан қан ағып, оң көзі көгергеннен көрінбей қалды", - дейді қосшылықтар.Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен ұлдың анасы полицияға 40 жастағы ер адамға қатысты шара қолдану туралы арызданғанын хабарлады."30 мамыр күні ол үй ауласында әйелдің 2012 жылғы ұлына дене жарақатын салған. Аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған балалар ұрсысып қалғаны анықталды. Ұлдардың бірі мұны әкесіне айтқан. Осыдан кейін ер адам баланың бетінен жұдырықпен ұрған", - деді полициядағылар.Бұл факті бойынша баланың денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы 8-тармақшасы "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/11/251197_28:0:2091:1547_1920x0_80_0_0_2728fdfa7bc0577518612e77b25ac083.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ер адам, бала
Қосшыда 40 жастағы ер адам кішкентай баланы аяусыз ұрып-соқты
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қосшы қаласының 40 жастағы тұрғыны ұлына жақтасамын деп тоғыз жасар баланы соққыға жықты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар алаңында екі ұл бала жанжалдасып қалған. Олардың бірі әкесіне шағымданған. Ер адам балаға жұдырық ала жүгірген, тіпті басын асфальтке ұрған.
"Баланың жағынан қан ағып, оң көзі көгергеннен көрінбей қалды", - дейді қосшылықтар.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккен ұлдың анасы полицияға 40 жастағы ер адамға қатысты шара қолдану туралы арызданғанын хабарлады.
"30 мамыр күні ол үй ауласында әйелдің 2012 жылғы ұлына дене жарақатын салған. Аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған балалар ұрсысып қалғаны анықталды. Ұлдардың бірі мұны әкесіне айтқан. Осыдан кейін ер адам баланың бетінен жұдырықпен ұрған", - деді полициядағылар.
Бұл факті бойынша баланың денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы 8-тармақшасы "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.