https://sputnik.kz/20220531/qazaqstanda-ayelder-sany-25190335.html
Қазақстанда әйелдер саны біртіндеп азайып жатыр
Қазақстанда әйелдер саны біртіндеп азайып жатыр
Sputnik Қазақстан
Неке жасындағы мың жігітке 956 қыз келеді 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T11:43+0500
2022-05-31T11:43+0500
2023-08-09T10:12+0500
қоғам
қазақстан
әйел
https://sputnik.kz/img/07e6/03/08/23368826_0:188:1280:908_1920x0_80_0_0_b60e9da0ea66d67c09c9996d54caf894.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда әйелдердің саны біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды Ranking.kz порталы.Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басында Қазақстан халқының саны 1,3 процентке өсіп, 19,12 миллион адамға дейін жеткен. Соның ішінде әйелдер - 9,84 миллион, ал еркектер - 9,29 миллион. Осылайша, жылдың басында әйелдердің үлесі 51,44 процент болған. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 51,48 процент еді. Бес жыл бұрын 51,62, ал он жыл бұрын 51,77 болған. Биыл үш айдың қорытындысы бойынша халықтың саны 19,18 миллионға дейін өсті. Соның ішінде әйелдер - 9,86, еркектер - 9,31 миллион адам. Осылайша, әйелдердің үлесі тағы азайып, 51,43 процентке дейін түскен. Әйелдердің жалпы саны еркектерден басым болып тұрса да, жас санатына қарай жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, 14-28 жас аралығындағы әйелдердің саны 0,1 процентке азайып, жыл басында 1,83 миллион болған. Ал осы санаттағы еркектердің саны, керісінше, 0,1 процентке өсіп, 1,92 миллионға дейін жеткен. Бұл да тұрақты динамика болып отыр. 2022 жылдың басында жас әйелдердің үлесі 48,87 процентті құрады. Сондай-ақ, осы санаттағы қыздардың саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, бір жыл бұрын көрсеткіш 48,92 процент болған, бес жыл бұрын — 49,5%, ал он жыл бұрын 49,88% деңгейінде тұрған."Осылайша, "статистика бойынша 10 қызға 9 жігіт" деген стереотиптің Қазасқтанға ешбір қатысы жоқ. Қазіргі статистика бойынша Қазақстанда қыздар емес, ұлдар көп туылады. 2021 жылы 216,2 мың қыз дүниеге келсе, ұлдардардың саны 230,3 мың болған. Қыздардың үлесі 48,4 процент", - делінген талдауда. Ал неке жасындағы (28 жасқа дейін) мың жігітке 956 қыз келеді екен. Жыл сайын осы айырмашылық артып барады. Статистика бойынша Қазақстанда әйелдердің саны еркектерден артық. Себебі әйелдер ұзағырақ өмір сүреді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/08/23368826_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_aa050210729a7237c0720acd46584d03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, әйел
Қазақстанда әйелдер саны біртіндеп азайып жатыр
11:43 31.05.2022 (жаңартылды: 10:12 09.08.2023) Неке жасындағы мың жігітке 956 қыз келеді
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда әйелдердің саны біртіндеп азайып келеді, деп хабарлайды
Ranking.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басында Қазақстан халқының саны 1,3 процентке өсіп, 19,12 миллион адамға дейін жеткен. Соның ішінде әйелдер - 9,84 миллион, ал еркектер - 9,29 миллион. Осылайша, жылдың басында әйелдердің үлесі 51,44 процент болған. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 51,48 процент еді. Бес жыл бұрын 51,62, ал он жыл бұрын 51,77 болған.
Биыл үш айдың қорытындысы бойынша халықтың саны 19,18 миллионға дейін өсті. Соның ішінде әйелдер - 9,86, еркектер - 9,31 миллион адам. Осылайша, әйелдердің үлесі тағы азайып, 51,43 процентке дейін түскен.
"Жалпы, әйелдердің үлесі еркектерге қарағанда жоғары болып сақталса да, жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, соңғы бес жылда әйелдердің саны орташа есеппен жыл сайын 1,2 процентке өсіп отырады, ал еркектердің көрсеткіші 1,4 процент", - дейді мамандар.
Әйелдердің жалпы саны еркектерден басым болып тұрса да, жас санатына қарай жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, 14-28 жас аралығындағы әйелдердің саны 0,1 процентке азайып, жыл басында 1,83 миллион болған. Ал осы санаттағы еркектердің саны, керісінше, 0,1 процентке өсіп, 1,92 миллионға дейін жеткен. Бұл да тұрақты динамика болып отыр. 2022 жылдың басында жас әйелдердің үлесі 48,87 процентті құрады. Сондай-ақ, осы санаттағы қыздардың саны жыл сайын азайып келеді.
Мәселен, бір жыл бұрын көрсеткіш 48,92 процент болған, бес жыл бұрын — 49,5%, ал он жыл бұрын 49,88% деңгейінде тұрған.
"Осылайша, "статистика бойынша 10 қызға 9 жігіт" деген стереотиптің Қазасқтанға ешбір қатысы жоқ. Қазіргі статистика бойынша Қазақстанда қыздар емес, ұлдар көп туылады. 2021 жылы 216,2 мың қыз дүниеге келсе, ұлдардардың саны 230,3 мың болған. Қыздардың үлесі 48,4 процент", - делінген талдауда.
Ал неке жасындағы (28 жасқа дейін) мың жігітке 956 қыз келеді екен. Жыл сайын осы айырмашылық артып барады. Статистика бойынша Қазақстанда әйелдердің саны еркектерден артық. Себебі әйелдер ұзағырақ өмір сүреді.