Аңдатпа

Қазақстанда 1 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1 маусымда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
1 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10:00 – Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: Балалар жылын өткізу барысы, отандық туризм мен ұлттық парктерді дамыту мәселесі.
10.00 – Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Менің ойыным" футбол фестивалін өткізеді. Іс-шара 2022 жылдың 1 маусымында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тарлан арена" спорт кешенінде өтеді. Ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталады. Бұл шараға 150-ге жуық бала қатысады. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (778) 281 81 26, +7 (747) 755 78 48.
10.00 – Жедел-құтқару жасағының базасында техника мен құрал-жабдықтардың көрмесі, одан кейін еріктілердің қатысуымен су айдындарына кең ауқымды рейд өткізіледі. Мұнда мектеп жанындағы лагерлердің балалары қатысады: оларға судағы қауіпсіздік ережелері көрсетіліп, суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретеді. Барлық сұрақ бойынша: pressa.dchs.astana@mail.ru, 55-96-60.
12.00-14.00 – "Керуен сити" сауда және ойын-сауық орталығында арнайы техникалар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, аниматорлар және т.б. қатысуымен іс-шараның жалғасы өтеді.
15.00 – "Папа, мама, я - спортивная семья" спорттық сайысы. Балалар концерттік бағдарлама аясында өнер көрсетеді, құрал-жабдықтар мен құтқару құралдарының көрсетілімі өтеді, гүлдер аллеясына балалар гүл отырғызады, сыйлықтар тапсырылады, т.б. Мекен-жайы: Бөгенбай батыр, 4. Байланыс: pressa.dchs. astana@mail.ru, 55-96-60.
18.00 – "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының биылғы еңбек маусымының ашылу салтанаты. Ашылу аясында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында нетворкинг, тренингтер және экология және әлеуметтік жобалау саласындағы жетекші сарапшылардың шеберлік сабақтары түрінде тақырыптық алаңдарды өткізу жоспарланып отыр. Қорытындылай келе, сағат 18:00-де Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері және "Жасыл ел" өңірлік штабтары өкілдерінің қатысуымен "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының биылғы еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Wyndham Garden Astana қонақ үйі, Хусейн бен Талал көшесі 25, Garden Hall залы.
Жаңалықтар
0