https://sputnik.kz/20220531/qant-tapshylygy-sheneunik-25199052.html
"Неге өтірік айтасыз?": қант тапшылығын түсіндіруге шыққан шенеуніктің басы бәлеге қалды
"Неге өтірік айтасыз?": қант тапшылығын түсіндіруге шыққан шенеуніктің басы бәлеге қалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері сыртқа шығып, журналистерге қант тапшылығына қатысты түсініктеме берді. Сауда... 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T18:23+0500
2022-05-31T18:23+0500
2022-05-31T18:49+0500
қант
шенеунік
https://sputnik.kz/img/723/81/7238147_0:101:3077:1831_1920x0_80_0_0_fc34c41f22b49e49fe6a54921635873e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері сыртқа шығып, журналистерге қант тапшылығына қатысты түсініктеме берді. Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков қант бағасы туралы айтқан кезде көшеде кетіп бара жатқан адамдар шу шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Комитет басшысының орынбасары алдымен тапшылықтың неден туындағанын түсіндірді."Тауар тапшылығы дегеніміз не? Оған сұраныс жоғары болған кезде тапшылық туындайды. Себебі сұраныс ұсыныстан басым болады. Мысалы, Атырау облысында адам дүкенге 18 рет кіріп, үш килограмнан қант алып шыққаны жайлы ақпарат болды. Қалада "Магнум" деген ең үлкен сауда орны бар. Біз оларға қоңырау шалып, жағдайды сұрадық. Сөйтсек, бір айда 170 тонна қант сатады екен. Сенбі-жексенбі күндері, екі-ақ күнде 40 тонна сатып жіберген", - деді Әбілдабеков.Оның айтуынша, мамырда Қазақстандағы зауыттар 33 мың тонна қант өндірген. Маусым айында тағы 44 мың тонна шығарады. Оған қоса, ЕАЭО квотасы аясында қосымша қант жеткізіліп жатыр.Осыдан кейін журналистер қанттың орташа бағасын сұрады. Әбілдабековтың айтуынша, 24 мамырда республика бойынша қанттың орташа бағасы 437 теңге болған."Бұл – кассалық чектің орташа бағасы. Ал Нұр-Сұлтанда – 467 теңге. Базарда чек ұрылмайды. Сондықтан мен ресми статистиканы айтып отырмын, яғни бұл берілген чектердің есебі", - дейді Әбілдабеков.Осы кезде өтіп бара жатқан адамдар наразылық білдіре бастады. "Неге өтірік айтасыз? Ондай баға жоқ қой", - деп шу шығарды."Неге сіз өтірік ақпарат беріп тұрсыз. Дүкенге кірсеңізші, алыс ауданды қарасаңшы. Ол жақта қант 700-800 теңге тұрады. 467 теңге деген жоқ қой", - деді бір келіншек.Комитет төрағасының орынбасары болса, қолдағы деректер ресми түрде берілген кассалық чектердің негізінде жасалғанын айтты. Ал чек берілмейтін жерде бағаны заңсыз көтеруі мүмкін.Sputnik Қазақстан тілшісі шенеунікті сынға алған келіншектен қантты соңғы рет қай жерден алғанын сұрады. Жамбыл облысының тумасы Мәдина Масақова астанаға еңбек дауы бойынша келгенін жеткізді."Мен Шу ауданынан келдім. Астанаға еңбек дауы бойынша келдім. Жұмыстан заңсыз шығарып жіберді. Сол бойынша келген едім. Мына кісінің оқып тұрғаны ашуыма тиіп кетті. Қағаздан оқып тұр. Ал шын мәнінде 467 теңге деген жоқ. Соңғы рет арзандады деген күннің өзінде Шу ауданындағы "Астана" дүкенінен 600 теңгеден алдым. Одан кейін алмадым. Себебі ақшам жетпейді", - деді Масақова.Мәдина қанттан бас тартуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі басқа азық-түліктер де қымбаттап кеткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/723/81/7238147_144:0:2875:2048_1920x0_80_0_0_8206bb082f2d918645a4b341d090bae6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, шенеунік
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері сыртқа шығып, журналистерге қант тапшылығына қатысты түсініктеме берді. Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков қант бағасы туралы айтқан кезде көшеде кетіп бара жатқан адамдар шу шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комитет басшысының орынбасары алдымен тапшылықтың неден туындағанын түсіндірді.
"Тауар тапшылығы дегеніміз не? Оған сұраныс жоғары болған кезде тапшылық туындайды. Себебі сұраныс ұсыныстан басым болады. Мысалы, Атырау облысында адам дүкенге 18 рет кіріп, үш килограмнан қант алып шыққаны жайлы ақпарат болды. Қалада "Магнум" деген ең үлкен сауда орны бар. Біз оларға қоңырау шалып, жағдайды сұрадық. Сөйтсек, бір айда 170 тонна қант сатады екен. Сенбі-жексенбі күндері, екі-ақ күнде 40 тонна сатып жіберген", - деді Әбілдабеков.
Оның айтуынша, мамырда Қазақстандағы зауыттар 33 мың тонна қант өндірген. Маусым айында тағы 44 мың тонна шығарады. Оған қоса, ЕАЭО квотасы аясында қосымша қант жеткізіліп жатыр.
"Қант бітпейді. Себебі Бразиялиядан тікелей жеткізіліп жатыр. Сосын өзіміздегі зауыттарға да қажетті шикізат келіп тұрады", - деп атап өтті Әбілдабеков.
Осыдан кейін журналистер қанттың орташа бағасын сұрады. Әбілдабековтың айтуынша, 24 мамырда республика бойынша қанттың орташа бағасы 437 теңге болған.
"Бұл – кассалық чектің орташа бағасы. Ал Нұр-Сұлтанда – 467 теңге. Базарда чек ұрылмайды. Сондықтан мен ресми статистиканы айтып отырмын, яғни бұл берілген чектердің есебі", - дейді Әбілдабеков.
Осы кезде өтіп бара жатқан адамдар наразылық білдіре бастады. "Неге өтірік айтасыз? Ондай баға жоқ қой", - деп шу шығарды.
"Неге сіз өтірік ақпарат беріп тұрсыз. Дүкенге кірсеңізші, алыс ауданды қарасаңшы. Ол жақта қант 700-800 теңге тұрады. 467 теңге деген жоқ қой", - деді бір келіншек.
Комитет төрағасының орынбасары болса, қолдағы деректер ресми түрде берілген кассалық чектердің негізінде жасалғанын айтты. Ал чек берілмейтін жерде бағаны заңсыз көтеруі мүмкін.
"Мен өткен аптада қызыммен бірге Магнумға бардым. Қанттың 467 теңгеден сатылып жатқанын өз көзіммен көрдім. Ертең Магнумға барыңызшы, ал Small-ға ертең түседі. Ал Жамбыл облысын білмеймін, кешіріңіз. Ол жақта екі қант зауыты бар ғой. Оны әкімшіліктен сұрау керек", - деп атап өтті Әбілдабеков.
Sputnik Қазақстан тілшісі шенеунікті сынға алған келіншектен қантты соңғы рет қай жерден алғанын сұрады. Жамбыл облысының тумасы Мәдина Масақова астанаға еңбек дауы бойынша келгенін жеткізді.
"Мен Шу ауданынан келдім. Астанаға еңбек дауы бойынша келдім. Жұмыстан заңсыз шығарып жіберді. Сол бойынша келген едім. Мына кісінің оқып тұрғаны ашуыма тиіп кетті. Қағаздан оқып тұр. Ал шын мәнінде 467 теңге деген жоқ. Соңғы рет арзандады деген күннің өзінде Шу ауданындағы "Астана" дүкенінен 600 теңгеден алдым. Одан кейін алмадым. Себебі ақшам жетпейді", - деді Масақова.
Мәдина қанттан бас тартуға мәжбүр болғанын айтады. Себебі басқа азық-түліктер де қымбаттап кеткен.