https://sputnik.kz/20220531/pavlodar-oblysy-ulandy-25183306.html
Павлодар облысындағы оқиға: дәрігерлер жеті бірдей адам неден уланғанын болжады
Павлодар облысындағы оқиға: дәрігерлер жеті бірдей адам неден уланғанын болжады
Sputnik Қазақстан
Кінәлі адам 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T08:41+0500
2022-05-31T08:41+0500
2022-05-31T08:43+0500
өңірлер
павлодар
дәрігер
https://sputnik.kz/img/746/34/7463404_0:164:3199:1963_1920x0_80_0_0_47910ae7228048bea1304c04e6953f95.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Павлодар облысындағы жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін. Үй иесінің өзі ішпеген. Қазіргі кезде адам өлімі бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ертіс ауылында заңсыз спирт пен арақ-шарап сатылатын орын жоқ. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, белгісіз сұйықтықты бір жерден алып келген. Үш адамның жансыз денесі үйден табылды. Артынан жансақтау бөліміне түскен тағы төрт ер адам қайтыс болды. Барлығы ауруханаға түскенде ес-түстерін білмеді. "Қол-аяғы тартылып, денелері сіресіп қалған. Соған қарағанда орталық нерв жүйесі зақымданғанға ұқсайды. Одан кейін жүрек пен өкпе жұмысын тоқтата бастады. Біз барынша көмек жасауға әрекет қылдық бірақ нәтиже болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айдар Сейітқазинов. Үй иесінің өзі ішпеген. Қазіргі кезде тергеушілер белгісіз сұйықтықтың қайдан келгенін анықтап жатыр. Айта кетері, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау қызметтер көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Кінәлі адам 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/34/7463404_468:0:3199:2048_1920x0_80_0_0_7e6f359e2cb512660dbbcbdb7af13e12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, дәрігер
Павлодар облысындағы оқиға: дәрігерлер жеті бірдей адам неден уланғанын болжады
08:41 31.05.2022 (жаңартылды: 08:43 31.05.2022) Кінәлі адам 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Павлодар облысындағы жеті адамның өмірін жалмаған белгісіз сұйықтық қолдан жасалған спирттік ішімдік болуы мүмкін. Үй иесінің өзі ішпеген. Қазіргі кезде адам өлімі бойынша тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Ертіс ауылында заңсыз спирт пен арақ-шарап сатылатын орын жоқ. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, белгісіз сұйықтықты бір жерден алып келген.
"Бүкіл ыдыс анықталып, сараптамаға жіберілді", - дейді Қайыров.
Үш адамның жансыз денесі үйден табылды. Артынан жансақтау бөліміне түскен тағы төрт ер адам қайтыс болды. Барлығы ауруханаға түскенде ес-түстерін білмеді.
"Қол-аяғы тартылып, денелері сіресіп қалған. Соған қарағанда орталық нерв жүйесі зақымданғанға ұқсайды. Одан кейін жүрек пен өкпе жұмысын тоқтата бастады. Біз барынша көмек жасауға әрекет қылдық бірақ нәтиже болмады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айдар Сейітқазинов.
Үй иесінің өзі ішпеген. Қазіргі кезде тергеушілер белгісіз сұйықтықтың қайдан келгенін анықтап жатыр.
Айта кетері, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау қызметтер көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кінәлі адам 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.