https://sputnik.kz/20220531/khalyq-qaarmany-zhana-qyzmet-25184106.html
Халық қаһарманы жаңа қызметке тағайындалды
Халық қаһарманы жаңа қызметке тағайындалды
Sputnik Қазақстан
2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында болған жаттығу кезінде граната жарылған. Сол кезде Үмбетов сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалды 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T08:54+0500
2022-05-31T08:54+0500
2022-05-31T08:57+0500
жаңа қызмет
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25182322_0:0:2064:1162_1920x0_80_0_0_a52185c89eedb1f8053d3b2bc71881a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне полковник Қайрат Үмбетов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Осы қызметке ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы жеке-жеке қаралған. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, тағайындаудың бұл форматы үздіктерді анықтауға және олардың жұмысын лайықты түрде бағалауға мүмкіндік береді. Министр және оның орынбасарлары бірінші кезекте Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары қызметіне ұсынылған "Халық қаһарманы" Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады. "Ол бүкіл сатыдан өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені "Халық қаһарманы" бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаудың көмегімен Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін", – деді министр Марат Ахметжанов. Айта кетері, 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында болған жаттығу кезінде граната жарылған. Сол кезде Үмбетов сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалды.Үмбетовтің қызмет жолы Қайрат Жарылқасынұлы Өзбекстандағы Ханабад қаласында десанттық-шабуылдаушы бригадасының взвод командирі болған. 2001 жылы ата-анасымен бірге Қазақстанға көшіп келді. Шымкентте ротаны басқарды. Одан кейін ішкі істер министрлігінде сан алуан қызмет атқарды. Павлодар мен Өскеменде полктарды басқарды. 2014 жылы Қарағанды бригадасы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал бір жылдан кейін осы құрылымның штаб бастығы болды. 2016 жылы 7 сәуірде Қарабас ауылындағы оқу орталығында сарбазды құтқарды. Ол өз денесімен жас жауынгерді жауып қалды. Сол кезде офицер көптеген дене жарақатын алды. Осыдан кейін президенттің жарлығымен "Халық Қаһарманы" атағымен марапатталды. Кейін полковник Қайрат Үмбетов ұлттық қорғаныс университетінің бас штаб академиясын "Әскери саладағы стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдады. Қайтадан Шымкентке барды. Жаңа тағайындауға дейінгі қызметі - "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25182322_0:0:2064:1548_1920x0_80_0_0_878cfde0374e2f8aafbc2d6a8acc95d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа қызмет
Халық қаһарманы жаңа қызметке тағайындалды
08:54 31.05.2022 (жаңартылды: 08:57 31.05.2022) 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында болған жаттығу кезінде граната жарылған. Сол кезде Үмбетов сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметіне полковник Қайрат Үмбетов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы қызметке ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы жеке-жеке қаралған. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, тағайындаудың бұл форматы үздіктерді анықтауға және олардың жұмысын лайықты түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Министр және оның орынбасарлары бірінші кезекте Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары қызметіне ұсынылған "Халық қаһарманы" Қайрат Үмбетовтің кандидатурасын қарады.
"Ол бүкіл сатыдан өтті. Біздің ұландарға дұрыс тәрбиені "Халық қаһарманы" бермесе, басқа кім береді? Қайрат Жарылқасынұлы, ұландықтардың моральдық-психологиялық жағдайын шыңдап, сарбаздармен тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Сіздің ерлігіңіз оларға үлгі болады деп ойлаймын. Бұл тағайындаудың көмегімен Ұлттық ұланды нығайтамыз деп үміттенемін", – деді министр Марат Ахметжанов.
Айта кетері, 2016 жылы Қарағанды құрамасының оқу орталығында болған жаттығу кезінде граната жарылған. Сол кезде Үмбетов сарбазды өз денесімен жауып, құтқарып қалды.
Қайрат Жарылқасынұлы Өзбекстандағы Ханабад қаласында десанттық-шабуылдаушы бригадасының взвод командирі болған. 2001 жылы ата-анасымен бірге Қазақстанға көшіп келді. Шымкентте ротаны басқарды. Одан кейін ішкі істер министрлігінде сан алуан қызмет атқарды. Павлодар мен Өскеменде полктарды басқарды.
2014 жылы Қарағанды бригадасы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал бір жылдан кейін осы құрылымның штаб бастығы болды.
2016 жылы 7 сәуірде Қарабас ауылындағы оқу орталығында сарбазды құтқарды. Ол өз денесімен жас жауынгерді жауып қалды. Сол кезде офицер көптеген дене жарақатын алды. Осыдан кейін президенттің жарлығымен "Халық Қаһарманы" атағымен марапатталды.
Кейін полковник Қайрат Үмбетов ұлттық қорғаныс университетінің бас штаб академиясын "Әскери саладағы стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдады. Қайтадан Шымкентке барды.
Жаңа тағайындауға дейінгі қызметі - "Батыс" өңірлік қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб басшысы.