Ішкі істер министрлігі кең ауқымды операция басталғанын мәлімдеді

© PhotoИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда кең ауқымды "Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Операцияны ішкі істер министрлігі жыл сайын 1 маусым мен 30 қазан аралығында жүргізеді.
Оның міндеті:
Қазақстан аумағындағы есірткінің шикізат базасын жою;
есірткіні шетелден жеткізу арналарына тосқауыл қою;
құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерінің жолын кесу.
"Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасының ресми ашылуы ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденовтың төрағалығымен өтті.
Операцияны ұйымдастыруға қорғаныс министрлігі, ұлттық ұлан, ІІМ және "Ғарыш Сапары" АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Құрамында есірткі бар өсімдіктерді егу немесе өсіруге қылмыстық жауапкершілік көзделген: кінәлі деп танылған адамдарға 2 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Жаңалықтар
0