https://sputnik.kz/20220531/egov-mobile-tsifrlyq-quzhattar-25193448.html
EGov mobile-де цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы іске қосылды
EGov mobile-де цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. EGov mobile мобильді қосымшасын қолданушылар сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында цифрлық құжаттарды... 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T14:19+0500
2022-05-31T14:19+0500
2022-05-31T14:28+0500
egov.kz
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. EGov mobile мобильді қосымшасын қолданушылар сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында цифрлық құжаттарды пайдалануға рұқсатты қайтарып ала алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.Жаңартылған EGov mobile қосымшасында бір шерту арқылы цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы пайда болды. Жаңа баптаулар азаматтарға цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға және оларды басқа қосымшаларда, мысалы, банктердің қосымшаларында (бұрын келісім берген) пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді."Цифрлық құжаттар сервисін танымал банк қосымшаларына шығарғаннан кейін, бізге eGov mobile-дан басқа қосымшаларда құжаттарды кайтарып алу және пайдаланудан бас тарту туралы сұраулар түсе бастады. Егер пайдаланушы бұрын өзінің цифрлық құжаттарына басқа қосымшаларда рұқсат берсе және кейін ойын өзгертсе, енді ол eGov mobile-дағы "Цифрлық құжаттар" сервисіндегі "баптаулар" бөлімі арқылы қолжетімділікті қайтарып ала алады", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.Жаңартуларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:Сәтті кері қайтарып алу кезінде мәртебе "кері қайтарып алынды" күйіне жаңартылады.Айта кетері, тізім пайдаланушы бұрын соңды банктердің қосымшаларында (Halyk Homebank және Kaspi.kz т. б.) өз деректерін пайдалануға келісім берген болса ғана шығады.Бұдан басқа, қайта пайдалану үшін цифрлық құжаттарға қолжетімділігі бар банктердің мобильді қосымшаларына кіріп, келісімді растау қажет.Бүгінгі таңда "цифрлық құжаттар" сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда бар. Қазірдің өзінде 10 миллионға жуық адам цифрлық құжаттарды тұрақты негізде пайдаланады. EGov mobile мобильдік қосымшасында 18 құжат бар (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.).Цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайында ішкі ұшулар кезінде, "ҚТЖ" АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, "Отбасы Банк" АҚ және ХҚКО бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
egov.kz
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. EGov mobile мобильді қосымшасын қолданушылар сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында цифрлық құжаттарды пайдалануға рұқсатты қайтарып ала алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Жаңартылған EGov mobile қосымшасында бір шерту арқылы цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы пайда болды. Жаңа баптаулар азаматтарға цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға және оларды басқа қосымшаларда, мысалы, банктердің қосымшаларында (бұрын келісім берген) пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді.
"Цифрлық құжаттар сервисін танымал банк қосымшаларына шығарғаннан кейін, бізге eGov mobile-дан басқа қосымшаларда құжаттарды кайтарып алу және пайдаланудан бас тарту туралы сұраулар түсе бастады. Егер пайдаланушы бұрын өзінің цифрлық құжаттарына басқа қосымшаларда рұқсат берсе және кейін ойын өзгертсе, енді ол eGov mobile-дағы "Цифрлық құжаттар" сервисіндегі "баптаулар" бөлімі арқылы қолжетімділікті қайтарып ала алады", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңартуларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Әрі қарай:
"Цифрлық құжаттарды" ашу;
"Цифрлық құжаттарды баптау" тармағын таңдаңыз;
"Сандық құжаттарға қол жеткізу" бөлімінде берілген тізімнен "қол жеткізуді кері қайтару" түймесін басыңыз;
Сәтті кері қайтарып алу кезінде мәртебе "кері қайтарып алынды" күйіне жаңартылады.
Айта кетері, тізім пайдаланушы бұрын соңды банктердің қосымшаларында (Halyk Homebank және Kaspi.kz т. б.) өз деректерін пайдалануға келісім берген болса ғана шығады.
Бұдан басқа, қайта пайдалану үшін цифрлық құжаттарға қолжетімділігі бар банктердің мобильді қосымшаларына кіріп, келісімді растау қажет.
Бүгінгі таңда "цифрлық құжаттар" сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда бар. Қазірдің өзінде 10 миллионға жуық адам цифрлық құжаттарды тұрақты негізде пайдаланады. EGov mobile мобильдік қосымшасында 18 құжат бар (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т. б.).
Цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайында ішкі ұшулар кезінде, "ҚТЖ" АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, "Отбасы Банк" АҚ және ХҚКО бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.