https://sputnik.kz/20220531/baqytgul-khamenovanyn-isi-sotqa-tusti-25191752.html
Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа түсті
Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа түсті
Sputnik Қазақстан
Хаменова пара алды деген күдікке ілінген болатын 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T13:02+0500
2022-05-31T13:02+0500
2022-05-31T14:33+0500
қоғам
хаменова
https://sputnik.kz/img/1141/38/11413845_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_fa09162e267479036c9202cb4eec9af7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары, мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.Сонымен қатар, Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ісі де сотта қаралады.Сонымен қатар, "Б" ЖШС директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іс те сотқа берілді.Басты сот отырысы 14 маусым күні өтеді.Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1141/38/11413845_116:0:1076:720_1920x0_80_0_0_a63ebf6de5d0f224c817b6e361a12a8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хаменова
Бақытгүл Хаменованың ісі сотқа түсті
13:02 31.05.2022 (жаңартылды: 14:33 31.05.2022) Хаменова пара алды деген күдікке ілінген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Атырау облысы әкімінің орынбасары, мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ісі де сотта қаралады.
"26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Б" ЖШС директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іс те сотқа берілді.
Басты сот отырысы 14 маусым күні өтеді.
Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді.
Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.