https://sputnik.kz/20220531/balalar-internet-qosymsha-25193750.html
Балалар интернетте қай қосымшаларды жиі қолданады
Балалар интернетте қай қосымшаларды жиі қолданады
Sputnik Қазақстан
Жас қазақстандықтар көбінесе ойын-сауық видеоларын көреді, ойнайды, оқиды және достарымен хат жазысады 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T14:43+0500
2022-05-31T14:43+0500
2022-05-31T14:43+0500
интернет
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/1132/63/11326318_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ca34791f7c40062cefac6a118f82f62a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда балалар YouTube желісін жиі қолданады. "Касперский зертханасы" 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы зерттеудің нәтижесінде осындай қорытындыға келді.Компания таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде балалар арасында кеңінен танымал 10 қосымша бар. Үш айдың ішінде барлық уақыттың 30 проценті YouTube-ке кеткен. Одан кейінгі орындарда WhatsApp (18%) пен TikTok (17%) тұр.Алдағы уақытта балалар интернетте одан да көп отырады. Себебі жазғы уақытта трафик көбейеді. Балалар ойын-сауық видеоларын көреді, ойнайды, оқиды және достарымен хат жазысады. Осыған байланысты "Касперский зертханасы" балалалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеңес беріп отыр. Бүгінде арнайы техникалық құралдардың арқасында баланың интернетте қанша уақыт отырғанын біліп отыруға болады. Сондай-ақ қажетсіз контентке шектеу қоюға мүмкіндік бар."Ал бала қалада жалғыз өзі жүрсе, геолокацияның көмегімен жүрген жерін бақылап отыруға болады", - дейді мамандар.Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда TikTok қолданушыларының саны 7 миллион адамнан асты деген ақпарат тарады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1132/63/11326318_223:0:1920:1273_1920x0_80_0_0_d082cb9c985c133acbaeb49d8d2ca398.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, әлеуметтік желілер
интернет, әлеуметтік желілер
Балалар интернетте қай қосымшаларды жиі қолданады
Жас қазақстандықтар көбінесе ойын-сауық видеоларын көреді, ойнайды, оқиды және достарымен хат жазысады
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда балалар YouTube желісін жиі қолданады. "Касперский зертханасы" 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы зерттеудің нәтижесінде осындай қорытындыға келді.
Компания таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде балалар арасында кеңінен танымал 10 қосымша бар. Үш айдың ішінде барлық уақыттың 30 проценті YouTube-ке кеткен. Одан кейінгі орындарда WhatsApp (18%) пен TikTok (17%) тұр.
Алдағы уақытта балалар интернетте одан да көп отырады. Себебі жазғы уақытта трафик көбейеді. Балалар ойын-сауық видеоларын көреді, ойнайды, оқиды және достарымен хат жазысады. Осыған байланысты "Касперский зертханасы" балалалардың онлайн қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кеңес беріп отыр. Бүгінде арнайы техникалық құралдардың арқасында баланың интернетте қанша уақыт отырғанын біліп отыруға болады. Сондай-ақ қажетсіз контентке шектеу қоюға мүмкіндік бар.
"Ал бала қалада жалғыз өзі жүрсе, геолокацияның көмегімен жүрген жерін бақылап отыруға болады", - дейді мамандар.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда TikTok қолданушыларының саны 7 миллион адамнан асты деген ақпарат тарады.