https://sputnik.kz/20220531/aqtobe-bomba-video-25195744.html
Ақтөбеде төрт жоғары оқу орнының ғимаратына "бомба қойылды" – видео
Ақтөбеде төрт жоғары оқу орнының ғимаратына "бомба қойылды" – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы полиция департаментінің электронды поштасына жоғары оқу орындарының ғимараттарына бомба қойылғаны туралы... 31.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-31T16:11+0500
2022-05-31T16:11+0500
2022-05-31T16:18+0500
бомба
https://sputnik.kz/img/854/87/8548723_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3ce8d5f04138ed8e9c8ef603265fadaa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы полиция департаментінің электронды поштасына жоғары оқу орындарының ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, хат бүгін сағат 12:30 шамасында жолданған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Олар барлық ғимаратты тінтіп шықты."М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - дейді полицейлер.Қазіргі кезде анонимді хабарламаның авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар басталды. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша іс қозғалды. Бұл бапта бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/854/87/8548723_0:0:1443:1082_1920x0_80_0_0_3b315398370348939bb9061779c5b692.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бомба
Ақтөбеде төрт жоғары оқу орнының ғимаратына "бомба қойылды" – видео
16:11 31.05.2022 (жаңартылды: 16:18 31.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы полиция департаментінің электронды поштасына жоғары оқу орындарының ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, хат бүгін сағат 12:30 шамасында жолданған. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Олар барлық ғимаратты тінтіп шықты.
"М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары және жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде анонимді хабарламаның авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар басталды. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша іс қозғалды. Бұл бапта бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.