https://sputnik.kz/20220530/zholserikter-poyyz-25155543.html
Жолсеріктер пойызда толғағы басталған әйелді босандырып алды
Жолсеріктер пойызда толғағы басталған әйелді босандырып алды
Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T07:06+0500
2022-05-30T07:06+0500
2022-05-30T07:06+0500
жолсерік
қтж
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14790017_0:526:2047:1677_1920x0_80_0_0_b273867c45d8ce9b7362bdf16fbd4e03.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Жолсеріктер толғағы басталған "Астрахань-Атырау" пойызының жолаушысын босандырып алды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.Күтпеген жағдай "Аққыстау-Атырау" аралығында "Астрахань-Атырау" қатынасындағы №626 жолаушылар пойызында болды.Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты.Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған."Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Сәуле Ілиясова.Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14790017_0:334:2047:1869_1920x0_80_0_0_0b200225a23c7b01c78bd464d53d9dc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жолсерік, қтж, пойыз
Жолсеріктер пойызда толғағы басталған әйелді босандырып алды
Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Жолсеріктер толғағы басталған "Астрахань-Атырау" пойызының жолаушысын босандырып алды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Күтпеген жағдай "Аққыстау-Атырау" аралығында "Астрахань-Атырау" қатынасындағы №626 жолаушылар пойызында болды.
Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға бесінші вагонмен келе жатқан. Құрам Ганюшкино станциясынан жөнелтілгеннен кейін Кенжегүлде таңғы сағат 5-те толғақ басталды. Құрам бастығы Сәуле Ілиясова бастаған пойыз бригадасының қызметкерлері қажетті шаралар қабылдап, нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлап, жедел медициналық жәрдем бригадасын жақын маңдағы станцияға шақыртты.
Жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жолсеріктер Мырзагүл Қаражігітова, Марияш Оразғалиева және Лаура Камалова сағат 05:30-да вагонда қыз босанған жас анаға қажетті көмек көрсетті.
Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол осындай жағдайға алғаш рет тап болған.
"Компаниямызда стандартты емес жағдайларда әрекет етуге үйретеді және біз әрқашан жолаушыларымызға көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Сәуле Ілиясова.
Атырау станциясына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды.