Өңірлер

Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Маусым айының алғашқы күндері елдің солтүстігінде, батысы мен орталығында үсік жүреді деп болжанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 31 мамыр мен 2 маусым аралығындағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді.
Алайда 1 маусым күні Қазақстанның батысына Солтүстік антициклон әсер ете бастайды. Ол шығыс бағытта республика аумағы арқылы ығысады, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.
1 және 2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Ірі қалалардағы ауа райы

31 мамырда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды, аздап жаңбыр жауады. Түнде +18 градус, күндіз +22 градус жылы.
Алматыда да күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды. Түнде +14 градус, күндіз +18 градус.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +13 градус, күндіз +28 градус ыстық.
Жаңалықтар
0