https://sputnik.kz/20220530/ul-shash-shyqty-25176953.html
4 жасар ұлдың ішінен бір жарым келі шаш шықты
4 жасар ұлдың ішінен бір жарым келі шаш шықты
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T17:26+0500
2022-05-30T17:26+0500
2022-05-30T17:26+0500
денсаулық
хирург
ота
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25177077_0:337:869:825_1920x0_80_0_0_c5f66445849620575f28c9250c721110.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен төрт жасар ұлдың асқазанынан бір жарым келі шаш шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Хирург Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, соңғы кезде баланың тәбеті болмай қалды. Іші ауырып, құса берген. Содан ата-анасы ауруханаға алып келген. Диагностика кезінде ісікке ұқсас зат анықталды. Ұл баланың асқазанынан бір жарым келіге тартатын шаш шықты. Кесектің ұзындығы – 40 сантиметр. Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ол тағы он күндей емделеді. Айта кетері, трихобезоар – бұл асқазандағы жиналған шаштар, көп жағдайда, тас болып қатып қалады. Кей кезде балалар шашты шайнап, жұта береді. Соның бәрі асқазанда жиналады. Бірнеше жылдан кейін бала тамақ іше алмай қалады. Содан тәбеті бұзылып, құса бастайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1e/25177077_0:255:869:906_1920x0_80_0_0_0d1a726e9694ba42a2820989678a4ce7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хирург, ота
4 жасар ұлдың ішінен бір жарым келі шаш шықты
Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен төрт жасар ұлдың асқазанынан бір жарым келі шаш шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Хирург Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, соңғы кезде баланың тәбеті болмай қалды. Іші ауырып, құса берген. Содан ата-анасы ауруханаға алып келген. Диагностика кезінде ісікке ұқсас зат анықталды.
"Асқазанның алып трихобезоары" деген диагноз қойылы. Содан шұғыл операция жасауға шешім шығарылды. Ота сәтті өтті", - дейді Төлегенов.
Ұл баланың асқазанынан бір жарым келіге тартатын шаш шықты. Кесектің ұзындығы – 40 сантиметр.
Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ол тағы он күндей емделеді.
Айта кетері, трихобезоар – бұл асқазандағы жиналған шаштар, көп жағдайда, тас болып қатып қалады. Кей кезде балалар шашты шайнап, жұта береді. Соның бәрі асқазанда жиналады.
Бірнеше жылдан кейін бала тамақ іше алмай қалады. Содан тәбеті бұзылып, құса бастайды.