https://sputnik.kz/20220530/turkistan-darigerler-aqsha-video-25159573.html
Түркістан облысында дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды – видео
Түркістан облысында дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Сотта олардың кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T10:02+0500
2022-05-30T10:02+0500
2023-08-10T12:26+0500
өңірлер
түркістан облысы
ақша
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында полиция қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары арнайы операция өткізді. Оған арнайы жасақ та тартылды. Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер органдарына сілтеме жасап.Мақтарал және Жетісай аудандарының екі тұрғыны дәрігерлерден ақша бопсалауда бір әдіс-тәсілді ғана қолданған. Алдымен халық арасында ауруханадағы қаржылық тәртіп бұзушылықтар туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін тексеріс жібереміз деп қорқытқан. Осылайша, бірнеше мекемеден қыруар ақша жинаған. Бұл жолы екеуі тағы бір ауруханадан 32 миллион теңге талап еткен. Бірақ медицина қызметкерлерінің біреуі полицияға арыз жазған. Ол да әлдебіреулер ауруханаға кір келтіретін мәліметтерді таратып, артынан тексеріс ұйымдастырамыз деп қорқытқанын айтқан. Арнайы операция кезінде күдіктінің біреуі Жетісайдағы дәмханада ақша алу үстінде ұсталды. Ал екіншісі Шымкент қаласында қолға түскен. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотта олардың кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ақша, дәрігер
түркістан облысы, ақша, дәрігер
Түркістан облысында дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды – видео
10:02 30.05.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Сотта олардың кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында полиция қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары арнайы операция өткізді. Оған арнайы жасақ та тартылды. Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде дәрігерлерден миллиондап ақша бопсалаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер органдарына сілтеме жасап.
Мақтарал және Жетісай аудандарының екі тұрғыны дәрігерлерден ақша бопсалауда бір әдіс-тәсілді ғана қолданған. Алдымен халық арасында ауруханадағы қаржылық тәртіп бұзушылықтар туралы жалған ақпарат таратқан. Кейін тексеріс жібереміз деп қорқытқан. Осылайша, бірнеше мекемеден қыруар ақша жинаған.
Бұл жолы екеуі тағы бір ауруханадан 32 миллион теңге талап еткен. Бірақ медицина қызметкерлерінің біреуі полицияға арыз жазған. Ол да әлдебіреулер ауруханаға кір келтіретін мәліметтерді таратып, артынан тексеріс ұйымдастырамыз деп қорқытқанын айтқан.
Арнайы операция кезінде күдіктінің біреуі Жетісайдағы дәмханада ақша алу үстінде ұсталды. Ал екіншісі Шымкент қаласында қолға түскен. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Сотта олардың кінәсі дәлелденсе, әрбіреуі 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді.