Өңірлер

СҚО-да екі апта бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр

© департамент полиции Северо-Казахстанской областиАнатолия Зарву разыскивают в СКО
Анатолия Зарву разыскивают в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
24 жастағы ауыл тұрғынын іздеуге полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері және жанашыр адамдар жұмылдырылды
ПЕТРОПАВЛ, 30 мамыр — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ата-анасы полицейлер және еріктілермен бірге 24 жастағы ұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айыртау аудандық полиция бөліміне 15 мамыр таңертең Анатолий Николаевич Зарва үйінен шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар түскен. Ол аудан орталығы Саумалкөлде тұрған.
"Жігітті іздеуге полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері және жанашыр адамдар жұмылдырылды. Хабар-ошарсыз жоғалған адамның фотосы барлық аумақтық полиция бөлімшесіне, мессенджерлер чаттарына жіберілді. Сондай-ақ бұл ақпарат БАҚ-қа және әлеуметтік желілердегі танымал топтардың әкімшілеріне жіберілді", - деп хабарлады полицияда.
© департамент полиции Северо-Казахстанской областиСҚО-да екі апта бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр
Анатолия Зарву разыскивают в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
СҚО-да екі апта бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмай жатыр
Анатолий Зарваның бойы 190-192 см. Шашы қоңыр, қысқа. Ол қою көк куртка, жасыл футболка, көк джинсы, қара кроссовка киген. Полиция хабар-ошарсыз кеткен адам туралы қандай да бір ақпараты барлардан 102-ге хабарлауды сұрайды.
СҚО полициясына жыл басынан бері адамдардың жоғалғаны туралы 142 арыз келіп түсті, олардың 140-ы табылды.
Жаңалықтар
0