Қоғам

Түркістан облысында қылмыстық отбасылық "бизнестің" жолы кесілді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Олар негізінен облыстың Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының аумақтарындағы терезеден түсу арқылы 70 пәтерді тонаған
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полициясы қылмыстық отбасылық “бизнестің” жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Шымкент қаласында ұйымдастырылған қылмыстық топты әшкереледі, олар негізінен облыстың Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының аумақтарындағы терезеден түсу арқылы 70 пәтерді тонаған.
Полиция қылмыскерлерді аудан орталықтары мен ауылдардағы ұрлық әдістерін салыстырып, қаланың ломбардтарына ұсынылған тауарлары арқылы анықтаған, ашылмаған пәтер ұрлықтары бойынша жүргізілген талдау және жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 26 жастағы ер адам полицияның назарына ілікті.
Әріқарай тексеру нәтижесінде ол өзінің таныстары мен туыстарынан тұрақты топ құрып, әрқайсына рөлдер бөліп бергені белгілі болды. Ұрлық жасаған кезде олар міндетті түрде үй иелерінің жоқтығына көз жеткізіп, үйдің ерекшеліктерін ескере отырып (торлардың, дабылдардың, бейне бақылау камераларының болуы) әр қылмысты жасауға мұқият дайындалды және үй иелерінің күн тәртібін зерттеді.
Ұрлық жасалған жерден оны күйеу баласы алдын ала жоспарланған қозғалыс бағыты бойынша өзінің жеке көлігімен бірден алып кетіп отырған. Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған мүлікті ломбардтарға өткізіп, түскен пайдасын өзара бөліскен.
Жаңалықтар
0