Павлодарда такси ақысын төлегісі келмеген жолаушы шу шығарды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак такси на автомобиле
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Жүргізушімен жанжалдасқан павлодарлық тұрғынға айыппұл салынды
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Павлодарда такси жүргізушімен жанжалдасқан павлодарлық тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы дау төлемге байланысты туындаған. Ер адам алдын ала келісілген қызмет ақысын төлеуден бас тартып, жүргізушіге айқайлап, шу шығарған. Бұл шудан кейін такси жүргізуші полицияға хабарласқан.
"Полиция қызметкерлері тіл тигізгені үшін жолаушыны ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, яғни айыппұл салынды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлердің ақпараты бойынша 2022 жылы Павлодар өңірінің 470-ке жуық тұрғыны заңды елемей, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған.
Жаңалықтар
0