https://sputnik.kz/20220530/luvr-mona-liza-video-25157856.html
Лувр келушісі әйгілі "Мона Лизаға" торт лақтырды - видео
Лувр келушісі әйгілі "Мона Лизаға" торт лақтырды - видео
Sputnik Қазақстан
Басылым шедеврді бүлдіру үшін жасалған алғашқы әрекет емес екенін жазады 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T09:40+0500
2022-05-30T09:40+0500
2022-05-30T09:41+0500
әлем
торт
https://sputnik.kz/img/1181/36/11813661_0:296:2048:1448_1920x0_80_0_0_70e07234dc5c3c1360a598bf8030d7ed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Луврға келушілерінің бірі Леонардо Да Винчидің аңызға айналған шедеврі – "Мона Лиза" немесе "Джоконда" картинасына торт лақтырды, деп хабарлайды Marka басылымы.Ер адам мүгедектер арбасына таңылған қарт әйел кейпінде келген. Осылайша өзгелермен бірге Луврға кірген. "Мона Лизаның" алдында кенеттен арбасынан тұрып, картинаға торт лақтырған. Оқиға жексенбіде болған.Күзетші ер адамды бірден шығарып жіберді. Ал жұмысшылар торттың қалдығын шыныдан жуып тастады. Картина әйнекпен жабық тұрады. Сондықтан еш зақым келген жоқ. Болған оқиғаны келушілер ұялы телефонға түсіруге асықты.Басылым шедеврді бүлдіру үшін жасалған алғашқы әрекет емес екенін жазады. 1950 жылдары ер адам оған күкірт қышқылын сепкен. Ал боливиялық студент оған тас лақтырды. 2009 жылдың жазында ресейлік турист картинаға бір кесе шай серпіп жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1181/36/11813661_0:104:2048:1640_1920x0_80_0_0_dbd919456bbb03761bbae01d17513c80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лувр мона лиза
Лувр келушісі әйгілі "Мона Лизаға" торт лақтырды - видео
09:40 30.05.2022 (жаңартылды: 09:41 30.05.2022) Басылым шедеврді бүлдіру үшін жасалған алғашқы әрекет емес екенін жазады
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Луврға келушілерінің бірі Леонардо Да Винчидің аңызға айналған шедеврі – "Мона Лиза" немесе "Джоконда" картинасына торт лақтырды, деп хабарлайды Marka басылымы.
Ер адам мүгедектер арбасына таңылған қарт әйел кейпінде келген. Осылайша өзгелермен бірге Луврға кірген. "Мона Лизаның" алдында кенеттен арбасынан тұрып, картинаға торт лақтырған. Оқиға жексенбіде болған.
Күзетші ер адамды бірден шығарып жіберді. Ал жұмысшылар торттың қалдығын шыныдан жуып тастады. Картина әйнекпен жабық тұрады. Сондықтан еш зақым келген жоқ. Болған оқиғаны келушілер ұялы телефонға түсіруге асықты.
Басылым шедеврді бүлдіру үшін жасалған алғашқы әрекет емес екенін жазады. 1950 жылдары ер адам оған күкірт қышқылын сепкен. Ал боливиялық студент оған тас лақтырды. 2009 жылдың жазында ресейлік турист картинаға бір кесе шай серпіп жіберді.