https://sputnik.kz/20220530/dietolog-adamdy-tez-qartaytatyn-tanymal-onimdi-atady-25156829.html
Диетолог адамды тез қартайтатын танымал өнімді атады
Диетолог адамды тез қартайтатын танымал өнімді атады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Самара диетология және диетотерапия ұлттық зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Михиал Гинзбург краб... 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T08:32+0500
2022-05-30T08:32+0500
2022-05-30T08:32+0500
денсаулық
өнімдер
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577782_0:207:2909:1843_1920x0_80_0_0_6bc5f3f80092a0adfc6cc958cc9e71a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Самара диетология және диетотерапия ұлттық зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Михиал Гинзбург краб таяқшалары организмнің қартаюын тездетеді деп санайды. Sputnik радиосына берген сұхбатында ол осы өнімнің теріс әсерін қалай азайтуға болатынын түсіндірді.Айтуынша, краб таяқшалары терең қайта өңделген өнімдер қатарына кіреді. Сондықтан оның құрамында бояғыштар, дәм күшейткіштер мен басқа да тағам қоспалары бар.Ғылыми зерттеулер бұл химиялық заттардың түрлі ауруға әкеп соғып, организмді қартайтынын көрсетті."Шұжық, сосиска, краб таяқшалары терең өңделген өнімдер тобына жатады. Көптеген зерттеу барысында мұндай өнімдер біздің организмді қартайтып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің даму ықтималдығын арттыратыны анықталды", - деді Гинзбург.Диетолог терең қайта өңделген өнімдерді күн сайын жеуге болмайтынын айтты. Егер краб таяқшаларын күнделікті тұтынбаса, онда оның салдары да болмайды."Мұндай тағамды араға үзіліс салып жеу керек. Организм сол кезде бұған дейінгі порциядан тазарып үлгереді. Краб таяқшаларын аптасына бір-екі реттен артық жемеген дұрыс", - деп нақтылады Гинзбург.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577782_89:0:2820:2048_1920x0_80_0_0_7f6a67565f740b22ec257e056a8545a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өнімдер
Диетолог адамды тез қартайтатын танымал өнімді атады
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Самара диетология және диетотерапия ұлттық зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Михиал Гинзбург краб таяқшалары организмнің қартаюын тездетеді деп санайды.
Sputnik радиосына берген сұхбатында ол осы өнімнің теріс әсерін қалай азайтуға болатынын түсіндірді.
Айтуынша, краб таяқшалары терең қайта өңделген өнімдер қатарына кіреді. Сондықтан оның құрамында бояғыштар, дәм күшейткіштер мен басқа да тағам қоспалары бар.
Ғылыми зерттеулер бұл химиялық заттардың түрлі ауруға әкеп соғып, организмді қартайтынын көрсетті.
"Шұжық, сосиска, краб таяқшалары терең өңделген өнімдер тобына жатады. Көптеген зерттеу барысында мұндай өнімдер біздің организмді қартайтып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің даму ықтималдығын арттыратыны анықталды", - деді Гинзбург.
Диетолог терең қайта өңделген өнімдерді күн сайын жеуге болмайтынын айтты. Егер краб таяқшаларын күнделікті тұтынбаса, онда оның салдары да болмайды.
"Мұндай тағамды араға үзіліс салып жеу керек. Организм сол кезде бұған дейінгі порциядан тазарып үлгереді. Краб таяқшаларын аптасына бір-екі реттен артық жемеген дұрыс", - деп нақтылады Гинзбург.