Өңірлер

Атырауда жолаушылар автобусы ГАЗельмен соқтығысты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Жазылу
Қатты соққыдан ГАЗель жол жиегіне ұшып кетіп, бағанаға соғылған
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жолаушылар автобусы ГАЗельмен соқтығысты. Қоғамдық көліктегі жолаушылар жарақат алды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Жол апаты 29 мамыр кешкі сағат жеті шамасында Тасқала-3 кентінде болған.
Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, қиылыста Daewoo жолаушылар автобусы оң жақта келе жатқан ГАЗельге жол бермей, артынша соқтығысқан.
Қатты соққыдан ГАЗель аударылып, электр бағанасына соғылған.
Қоғамдық көлік жолаушылары мен ГАЗель жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Алматыдағы жол апаты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2022
Оқиға
Алматыда жол апатынан екі жүкті әйел мен бала зардап шекті
Жаңалықтар
0