https://sputnik.kz/20220530/almatyda-sport-kolledzhi-25173802.html
Алматыда спорт колледжі жабылмайды - Абаев
Алматыда спорт колледжі жабылмайды - Абаев
Sputnik Қазақстан
Оқу орнын реформалау және орнына олимпиадалық резервті даярлау орталығын ашу жоспарлары іске аспайды 30.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-30T15:36+0500
2022-05-30T15:36+0500
2022-05-30T15:40+0500
спорт
алматы
мәдениет және спорт министрлігі
колледж
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22616864_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_2d18d3945d8ab93d5b1f0aad268a06ea.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Алматыда спорт колледжі жабылмайды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. Оның айтуынша, билік Алматыда республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады деген пікірге келді."27 мамырда Алматыда республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Спорттық оқу ұйымдарының директорлары шақырылды. Нәтижесінде біз ортақ шешімге келдік. Колледждің орнына ашылады деп жоспарланған жаттығу орталығы енді колледж жанынан ашылады. Ол жыл бойы жұмыс істеп, спорт мекемелерінің жұмысын күшейтеді", - деді мәдениет және спорт министрлігінің басшысы.Абаев спортшылар карьерасын жалғастыруға мүмкіндік алатынын, мекемені құруда озық халықаралық тәжірибені ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кеңес барысында алдағы 2022-2023 оқу жылына колледжге түсу үшін мұқият іріктеу және сапалы қабылдау тапсырылды.2011 жылы колледж базасында бірнеше эксперименталды сынып ашылған болатын. Министр оларда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық база стандарттарға сәйкес келетін жерде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болуға тиіс деп хабарлады.Еске сала кетсек, Алматыдағы спорт колледжінің айналасындағы даудың басталғанына біраз болды.Спортта дарынды балалардың ата-аналары оқу орнының жабылуы туралы күтпеген жаңалыққа наразы болды. Оқу орнының басшылығы оқушыларды басқа мектептерге жіберіп, колледжді реформалауды жоспарлады. Спорт колледжінің орнында олимпиадалық резервті дайындау орталығын ашуды жоспарланды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22616864_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7975c71739f9589674de06be15698cfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, мәдениет және спорт министрлігі, колледж
алматы, мәдениет және спорт министрлігі, колледж
Алматыда спорт колледжі жабылмайды - Абаев
15:36 30.05.2022 (жаңартылды: 15:40 30.05.2022) Оқу орнын реформалау және орнына олимпиадалық резервті даярлау орталығын ашу жоспарлары іске аспайды
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Алматыда спорт колледжі жабылмайды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Оның айтуынша, билік Алматыда республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады деген пікірге келді.
"27 мамырда Алматыда республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Спорттық оқу ұйымдарының директорлары шақырылды. Нәтижесінде біз ортақ шешімге келдік. Колледждің орнына ашылады деп жоспарланған жаттығу орталығы енді колледж жанынан ашылады. Ол жыл бойы жұмыс істеп, спорт мекемелерінің жұмысын күшейтеді", - деді мәдениет және спорт министрлігінің басшысы.
Абаев спортшылар карьерасын жалғастыруға мүмкіндік алатынын, мекемені құруда озық халықаралық тәжірибені ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кеңес барысында алдағы 2022-2023 оқу жылына колледжге түсу үшін мұқият іріктеу және сапалы қабылдау тапсырылды.
2011 жылы колледж базасында бірнеше эксперименталды сынып ашылған болатын. Министр оларда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық база стандарттарға сәйкес келетін жерде спортпен шұғылдану мүмкіндігіне ие болуға тиіс деп хабарлады.
"Сондықтан бұл сыныптар Қаркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі және Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне беріледі", - деп атап өтті Абаев.
Еске сала кетсек, Алматыдағы спорт колледжінің айналасындағы даудың басталғанына біраз болды.Спортта дарынды балалардың ата-аналары оқу орнының жабылуы туралы күтпеген жаңалыққа наразы болды. Оқу орнының басшылығы оқушыларды басқа мектептерге жіберіп, колледжді реформалауды жоспарлады. Спорт колледжінің орнында олимпиадалық резервті дайындау орталығын ашуды жоспарланды.