https://sputnik.kz/20220529/talapker-darumen-shpargalka-25150608.html
ҰБТ – 2022: талапкер дәрумен қаптамасын "шпаргалка" ретінде қолдануға тырысқан
ҰБТ – 2022: талапкер дәрумен қаптамасын "шпаргалка" ретінде қолдануға тырысқан
Sputnik Қазақстан
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы аптасында 21 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды 29.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-29T13:56+0500
2022-05-29T13:56+0500
2022-05-29T13:56+0500
білім
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958318_0:23:3067:1748_1920x0_80_0_0_7dd75a633441722a30a8ce3ecddae566.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға қатысушылар көшіріп жазу үшін қандай қулыққа баратынын туралы айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлер көбіне ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалка қолданған. Ол осы аптада болған кезекті бір қулық әреке туралы айтты. Тест тапсырушы өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған. Алайда оның бұл әрекеті қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспай қалған. Руслан Емелбаев тестілеудің барлық процесі толық назарда екенін атап өтті. Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеген абзал. "Еңбек әрқашан ақталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтетін болады. Себебі білім – ең маңызды аспап", - деп жазды "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958318_118:0:2847:2047_1920x0_80_0_0_b42a6f9656c209ccf722c27e02578bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
ҰБТ – 2022: талапкер дәрумен қаптамасын "шпаргалка" ретінде қолдануға тырысқан
Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы аптасында 21 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға қатысушылар көшіріп жазу үшін қандай қулыққа баратынын туралы айтты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлер көбіне ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалка қолданған.
"Биыл 18-ші рет өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деді орталық директоры.
Ол осы аптада болған кезекті бір қулық әреке туралы айтты. Тест тапсырушы өзімен бірге кіргізген дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынған.
Алайда оның бұл әрекеті қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспай қалған.
Руслан Емелбаев тестілеудің барлық процесі толық назарда екенін атап өтті. Сондықтан тест тапсырмасын не олардың үзіндісін аудиториядан шығарамын деп үміттенбеген абзал.
"Еңбек әрқашан ақталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге жақсылап дайындалып, тек өз біліміңізге сенсеңіз, сізді болашақ жарқын өміріңізде жақсы марапат күтетін болады. Себебі білім – ең маңызды аспап", - деп жазды "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры.