Елорда тынысы

Елордада тағы бір сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталады

© Sputnik / Всеволод Тарасевич / Медиабанкке өтуНефтеперекачивающая станция, архивное фото
Нефтеперекачивающая станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2022
Жазылу
Қала тұрғындарының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерер болсақ, инженерлік желілерге де түсетін күш артып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов парақшасында өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі станциясының құрылысы басталғанын хабарлады.
"Қала тұрғындарының жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерер болсақ, инженерлік желілерге де түсетін күш артып келеді. Алдағы уақытта жаңа аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету және қазіргі қуатын арттыру үшін өткен жылдан бастап сорғы-сүзгі станциясының (ССС-3) құрылысы басталды. Қаланы аралау кезінде ССС-3 құрылысының барысымен таныстым. Нысан ішінара осы жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі, ал 2023 жылдан бастап жаңа ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз. Мәселен, қазір тәулігіне 300 мың текше метр тұтынатын болсақ, ССС-3 қуаты тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден асады", - деп жазды қала басшысы.
Сол сияқты жаңа аудандарды жылумен қамту үшін ЖЭО-3 құрылысын қайта басталған. Алтай Сейдірұлының сөзінше, жергілікті 3 газ қазандығын жобалау жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ кәріз тазарту құрылысын (КТҚ-2), "Арай", "Жұлдыз" және т.б. қосалқы станцияларды жобалау және реконструкциялау жұмысы қолға алынған.
"Маңызды мәселелердің бірі – газдандыру. Алматы және Сарыарқа аудандарын толықтай көгілдір отынға қол жеткізумен қамтамасыз еттік. Ол үшін 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды. Байқоңыр және Есіл аудандарына газ құбырының құрылысына кірістік", – деп жазды елорда әкімі.
Жаңалықтар
0