https://sputnik.kz/20220529/eks-ministr-mukhamediuly-qamau-25150223.html
Экс-министр Мұхамедиұлы қамауға алынды – Антикор
Экс-министр Мұхамедиұлы қамауға алынды – Антикор
Sputnik Қазақстан
Бүгін Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы өз басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын 29.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-29T12:35+0500
2022-05-29T12:35+0500
2023-08-09T12:43+0500
қоғам
арыстанбек мұхамедиұлы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын мәлімдеді."ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты "Алтын адамның әлем музейлері шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Агенттік хабарлауынша, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды. Бүгін Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы өз басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ ресми ақпарат бойынша оның алдағы екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Бұған дейін хабарланғандай, өзінің қамауға алынатынын білген соң Арыстанбек Мұхамедиұлы тамырын кескен. Бірақ оның баспасөз хатшысы экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жоққа шығарып, шенеуніктің аяғы жарақатына байланысты ауруханаға түскенін айтқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арыстанбек мұхамедиұлы, сыбайлас жемқорлық
арыстанбек мұхамедиұлы, сыбайлас жемқорлық
Экс-министр Мұхамедиұлы қамауға алынды – Антикор
12:35 29.05.2022 (жаңартылды: 12:43 09.08.2023) Бүгін Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы өз басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын мәлімдеді.
"ҚР Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты "Алтын адамның әлем музейлері шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Агенттік хабарлауынша, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Бүгін Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы өз басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ ресми ақпарат бойынша оның алдағы екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Бұған дейін хабарланғандай, өзінің қамауға алынатынын білген соң Арыстанбек Мұхамедиұлы тамырын кескен. Бірақ оның баспасөз хатшысы экс-министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын жоққа шығарып, шенеуніктің аяғы жарақатына байланысты ауруханаға түскенін айтқан.