Қоғам

Ақтөбеде реніші бар көрші үйге басып кіріп, оқ атты

© Photo : Рixabay/Emilian Robert Vicolиллюстрациялық фото
иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2022
Жазылу
Ол үй иесін тізерлеп отырып кешірім сұрауға мәжбүрлеп, одан соң оған оқ атып, жаралаған
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. 40 жастағы Ақтөбе тұрғыны Тілепбергенов көшесінен үй сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бір күні ол түн ауған шақта крші үйдің жанынан өтіп бара жатқан кезде аулада бірнеше ер адам тұрған.
Ол көрші үйіне кіргенде, үй иесі оны спирттік ішімдік ішуге шақырған. Әңгіме барысында ер адам өзінен жасы кіші жігіттермен сөзге келіп, реніші басылмаған күйі үйіне кеткен, деп жазды "Диапазон".
Үйіне келген соң, сейфтегі мылтығын шығарып, оған бес оқ-дәрі салып, көршісінің үйіне бет алған. Мас күйдегі қонақ есікке екі рет мылтықтан оқ атып, үйге басып кіріп, өзін ренжіткенерді іздей бастаған.
Содан соң өзімен дауласқан жас жігітті тауып, оны тізерлеп отырып кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Жас жігіт қарулы ер адамның айтқанын орындағанмен, ер адам бәрібіроқ атып, оны аяғынан жаралаған.
"Осы сәтте бүлікшінің әйелі оның артынан еріп, үйге кірген. Ер адам жұбайын көргенде шошып кетіп, қаруды аулаға тастап, үйіне кеткен. Үйге заңсыз басып кіріп, өлтіремін деп сес көрсеткені үшін ақтөбелік тұрғын сот алдында жауап берді. Ол бұл әрекетіне өзінен әлдеқайда жас жігіттерден балағат сөз естігеніне намыстанғаны себеп болғанын айтты", - деп жазылған материалда.
Сотта айыпталушы мен жәбірленуші бітімге келгенін мәлімдеді. Т
араптардың ымыраға келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Сонымен қатар сот қаруды тәркілеу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
0