https://sputnik.kz/20220529/aqtau-esirtki-zertkhana-25147521.html
Ақтауда екі есірткі зертханасы табылды
Ақтауда екі есірткі зертханасы табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіреу шарасы... 29.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-29T08:03+0500
2022-05-29T08:03+0500
2022-05-29T08:03+0500
маңғыстау облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_42c5cc90e489e49abc69a876fd42a74b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіреу шарасы кезінде марихуана өсіретін 2 фитозертхананы анықтады."Алғашқы факт бойынша бұрын істі болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінен 8 гүл өсіруге арналған құмырада өсіп тұрған марихуана және есірткі дайындайтын әртүрлі тұқымдас 9 құмыра табылды", - деген ақпарат таратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция департаментінің хабарламасында айтылғандай, екінші есірткі зертханасы Ақтау қаласындағы шағын аудандардың біріндегі тұрғын үйдің екінші қабатында анықталған."Есірткі зертханасының иесі 29 жастағы ер адам болып шықты. Полицейлер тұрғыннан 13 марихуана бұтасын және есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған минералды тыңайтқыштар салынған ыдыстарды тәркіледі", - дейді ведомстводан.Қазір аталған фактілер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр."ҚР Қылмыстық кодекісінің 300-бабының бірінші тармағына сәйкес "құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/766/46/7664686_108:0:1813:1279_1920x0_80_0_0_a3b05d8015b30f06fcdd3d237fd203b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, есірткі
маңғыстау облысы, есірткі
НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіреу шарасы кезінде марихуана өсіретін 2 фитозертхананы анықтады.
"Алғашқы факт бойынша бұрын істі болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінен 8 гүл өсіруге арналған құмырада өсіп тұрған марихуана және есірткі дайындайтын әртүрлі тұқымдас 9 құмыра табылды", - деген ақпарат таратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің хабарламасында айтылғандай, екінші есірткі зертханасы Ақтау қаласындағы шағын аудандардың біріндегі тұрғын үйдің екінші қабатында анықталған.
"Есірткі зертханасының иесі 29 жастағы ер адам болып шықты. Полицейлер тұрғыннан 13 марихуана бұтасын және есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған минералды тыңайтқыштар салынған ыдыстарды тәркіледі", - дейді ведомстводан.
Қазір аталған фактілер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
"ҚР Қылмыстық кодекісінің 300-бабының бірінші тармағына сәйкес "құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.