Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада ресейлік "Солнцепек" техникасы қалай қолданылып жатыр

© AP Photo / Nariman El-MoftyУкраиналық әскерилер
Украиналық әскерилер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2022
Жазылу
Украина Қарулы күштерінің басқаруына берілген батыс қаруы ресейлік ауыр "Солнцепек" огнемет жүйелерінің соққысына тап болды, деп жазды әкери шолушы Александр Хроленко.
Детонациялаушы реактивті снарядтар зақымдау деңгейі бойынша тек тактикалық ядролық ату қаруынан ғана кем түседі. Қарсыластың бекініс аудандары бір ғана жаппай атылған оқпен қиратылып жатыр. Әлемде ауыр огнемет жүйесінің аналогы жоқ. Сондай-ақ одан қорғаныс кешенін де ешбір ел ойлап таппаған. Батыс "Солнцепектің" Донбаста қолданылуын қызу талқылап жатыр.
Хроленконың пікірінше, Ресейдің арнайы әскери операциясы сәтті жүріп жатыр. Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауға НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі себеп болғаны ащы шынайылық болып отыр. Әйтсе де Украина Қарулы күштерін тып-типыл қырып тастау басты мақсат емес. Сондықтан Ресей украин әскерилерін қаруды тастап, берілуге тұрақты шақырып отыр.
Ресей бірінен кейін бірі қуаты мен қауқары әлдеқайда мықты әскери техниканы қолданып жатыр. Мысалы, "Солнцепек" жүйесі 10 километр қашықтықта классикалық артиллериядан айтарлықтай басым түседі: бір қондырғының жаппай оқ атуы (24 снаряд) төрт шаршы километр аумақты қамти алады. 220 миллиметрлі реактивті термобарийлік оқ-дәрінің (217 килограмм) бас бөлігінде нысанаға дөп тигенде аэрозольді түтін түзу арқылы жарылатын зат бар. Одан соң негізгі заряд арқылы ауқымды жарылыс болады. Эпицентрдегі температура 3000 градус Цельсийге дейін жетеді және қысымның ұлғаюы жаудың броньдалған техникасы, бекінісі мен адам күшін талқандай алады.
Сирияда "Солнцепек" терроризмнің белең алуына қарсы іс-қимылда сәтті нәтиже көрсетіп келеді. 2015 жылдан бері бұл жүйеге ешкім шағымданған жоқ.
Ресей армиясында 2020 жылы спутниктік навигациясы мен радиоэлектронды күрес құралдары бар, жүк көтерімділігі мен өту мүмкіндігі жоғары ТОС-2 "Тосочка" жаңа жүйеснің пайда болғанына қарамастан, соғысу мүмкіндіктері "Солнцепек" жүйесіне ешбір жүйе алмастыра алмайтын техника ретінде қалуына ықпал етіп отыр.
РФ қорғаныс министрлігі наурызда лейтенант Алексадр Лебедевтің жетекшілік етуімен ресейлік әскердің шабуылы кезінде "Солнцепек" экипажы Украина Қарулы күштерінің позициясы мен әскери техникасын жойғанын хабарлады. Ауыр огнеметті жүйе Мариупольдегі "Азовсталь" комбинатының жертөлесінен украин жауынгерлерінің өз еркімен берілуіне себепкер болды.
Мұхтар Тілеуберді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары қазіргі геосаяси жағдайды талқылады
Сәуірде ТОС-1A Харьков облысындағы украиндердің жаппай оқ атуға арналған "Град" реактивті жүйесін талқандады. Ал жақында Лиманды азат ету барысында "Солнцепек" нацистер бекініс орындары ретінде жасақтаған бірнеше ғимаратты жоғары дәлдікпен қиратты.
"Солнцепек" автономды жүйесі бір жауынгерлік және екі тасымалдау-оқтау машинасынан (сондай-ақ Т-72 платформасында), оқ-дәрі – 72 реактивті снарядтан тұрады. Нысаналарды анықтау лазерлік қашықтық өлшеуіш пен баллистикалық есептеуіштің көмегімен жүзеге асырылады. Тоқтағаннан кейін атуға дайындық уақыты 90 секундты құрайды. Толық жаппай оқ ату (24 раунд) ұзақтығы небәрі 6-12 секундты құрайды.
Броньдалған "Солнцепек" ашық және жабық позициядан әрекет ете алады. Ол өздігінен жер қаза алатын құрылғымен жабдықталған. Жаппай қырып-жою қаруынан қорғаныс жүйесі үш адамнан тұратын экипажды кабинаның герметизациясы арқылы сенімді қорғайды. Экипаж отыратын бөлмедегі ауа шаң-тозаң мен радиоактивті заттардан тазаланады. Яғни, "Солнцепек" ядролық соққы жасалған жағдайда да экипаж денсаулығына ешқандай зиян тигізбей, әскери міндетті орындай алады.
Әскери машинаның салмағы – 44 тонна. Жоғары жылдамдығы – 65 км/сағ, тас жол арқылы жүріс қоры – 550 километр. ТОС-1A тұрақты түрде "Рособоронэкспорт" компаниясы шетелдік тұтынушыларға жеткізетін үздік бес қарудың қатарына кіреді. Посткеңестік кеңістікте "Солнцепек" жүйесі Армения, Әзербайжан және Қазақстан армиясының қару-жарағы қатарына қабылданған. Сонымен қатар Алжир, Сауд Арабиясы және Иракта да осы жүйе бар.
Еске салсақ, Ирак армиясы Тикрит, Эль-Фаллужа және Мосул қалаларының маңындағы Ресей Федерациясында тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымының содырларын жою үшін ТОС-1A жүйесін сәтті пайдаланды.
Америкалық 19FortyFive сарапшылық порталы ТОС-1A "Солнцепек" жүйелерін барлауға арналған пилотсыз ұшатын аппараттармен біріктіріп қолдану кезінде оның соғыстағы тиімділігі мен дәлдігінің артқанын атап өтті. The National Interest бұған дейін ресейлік жүйенің жасанды интеллектісін "ресейлік зымыранды іске қосу қондырғысы нысаналарға өздігінен оқ-қару бағыттай алады" деп сипаттады.
Хроленконың мәліметінше, Германия, АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы мен Оңтүстік Кореяда "Солнцепек" жүйесінің "көшірмесін дайындауға" тырысқан. Нәтижесінде, көлемді детонациялаушы оқтұмсығы бар авиациялық зымырандарды таңдады. Сол сияқты украиндердің "Жара" секілді термобарийлік оқтұмсықтар дайындау жобасы да аяқсыз қалды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0