Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтті

© Пограничная служба комитета национальной безопасности Казахстана Граница Казахстана и Кыргызстана
Граница Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстандық алты турист тауда серуендеу кезінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысындағы департаменті.
Туристер мына бағыт бойынша жүріп өткен: Дулати даңғылы – "Іле-Алатау" мемлекеттік ұлтты табиғи паркі экопосты – Үлкен Алматы көлі – Ғарыш станциясы – Туристік шыңының солтүстік-батыс беткейі – Проходное шатқалы – Алагир өзенінің оң жақ саласы – Проходная өзені – Проходной асуының кең аңғары.
"Айта кетері, бұл бағытта шекараның өтетін жерін көрсететін ақпараттық тақталар, "Шекара аймағы" деген жазу бар жол бағандары қойылған. Сонымен қатар Қазақстан шекарасы шекаралық белгімен белгіленген", - деп атап өтті ведомство.
Қазақстандық туристерге қатысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осыған ұқсас оқиға 2021 жылы да болды. Ол кезде шекара қызметі мемлекеттік шекарадан заңсыз өтудің алты фактісін тіркеді. Олар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына қарай жолға шыққан. Туристер жолда мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық тұрғыда Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жаңалықтар
0