https://sputnik.kz/20220528/qazaqstan-temekini-shekteu-25145965.html
Смайылов ДДСҰ өкілдерімен темекіні шектеу жайын талқылады
Смайылов ДДСҰ өкілдерімен темекіні шектеу жайын талқылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция... 28.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-28T18:01+0500
2022-05-28T18:01+0500
2022-05-28T18:31+0500
темекі
әлихан смайылов
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_5f02874c3338070dc840384b53aa5045.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция хатшылығының басшысы Адриана Бланко Маркизомен Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) стандарттарына сәйкестендіру мәселесін талқылады.Кездесуде қазақстандық заңнаманы ДДСҰ конвенциясының стандарттарына сәйкестендіру бойынша одан әрі ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстандағы темекіні бақылауға қатысты өзекті мәселелер қозғалды.Әлихан Смайылов Қазақстан ДДСҰ-ның темекіге қарсы күрес жөніндегі ратификацияланған негіздемелік конвенциясын сақтайтынын атап өтті."Еліміз ұлттық заңнама деңгейінде қағидаттарды енгізу арқылы ДДСҰ міндеттемелерін орындауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, жүргізілген шаралардың арқасында халықтың өмір сүру жасы артты, темекі тұтыну деңгейі төмендеп жатыр. Қазақстандықтар темекісіз ортаны қолдап отыр және темекіден бас тартқандар саны көбейіп келеді", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.2022 жыл Қазақстанда болашақ ұрпақты қолдау мақсатында балалар жылы болып жарияланғанына тоқталған Адриана Бланко Маркизо елімізде азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында орындалып жатқан іс-әрекетті жоғары бағалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_218:0:1418:900_1920x0_80_0_0_b642c4f50628123a5fc2f7b372f41dda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі, әлихан смайылов, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
темекі, әлихан смайылов, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Смайылов ДДСҰ өкілдерімен темекіні шектеу жайын талқылады
18:01 28.05.2022 (жаңартылды: 18:31 28.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенция хатшылығының басшысы Адриана Бланко Маркизомен Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) стандарттарына сәйкестендіру мәселесін талқылады.
Кездесуде қазақстандық заңнаманы ДДСҰ конвенциясының стандарттарына сәйкестендіру бойынша одан әрі ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстандағы темекіні бақылауға қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Әлихан Смайылов Қазақстан ДДСҰ-ның темекіге қарсы күрес жөніндегі ратификацияланған негіздемелік конвенциясын сақтайтынын атап өтті.
"Еліміз ұлттық заңнама деңгейінде қағидаттарды енгізу арқылы ДДСҰ міндеттемелерін орындауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, жүргізілген шаралардың арқасында халықтың өмір сүру жасы артты, темекі тұтыну деңгейі төмендеп жатыр. Қазақстандықтар темекісіз ортаны қолдап отыр және темекіден бас тартқандар саны көбейіп келеді", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
2022 жыл Қазақстанда болашақ ұрпақты қолдау мақсатында балалар жылы болып жарияланғанына тоқталған Адриана Бланко Маркизо елімізде азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында орындалып жатқан іс-әрекетті жоғары бағалады.