Қазақстан мен Астрахан облысы экономикалық ынтымақтастықты нығайтады
© министерство иностранных дел Республики КазахстанҚазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Астрахан облысына жұмыс сапарымен барды
© министерство иностранных дел Республики Казахстан
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. 2021 жылы Қазақстан мен Астрахан облысының өзара сауда көлемі 17 миллион долларға жуықтаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Тараптар өзара байланысты одан әрі кеңейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Астрахан облысына жұмыс сапарымен барды. Облыс губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесуде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков бастаған облыс делегациясы да қатысқан. Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Биыл күзде Орынборда өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында шекаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде.
Тараптар Қазақстан аймақтары мен Астрахан облысы арасындағы тауар айналымының оң серпінін атап өтті, республика өңірдің жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің ондығына кіреді.

Қазіргі таңда екіжақты сауда қатынасының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр, сондықтан экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту және тауар айналымын арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажет.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Астрахан облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар, жетекші кәсіби шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестивальдер, театрлар мен филармониялардың гастрольдері өткізіледі.
Саны шамамен 150 мың адамды құрайтын қазақ диаспорасы Қазақстанмен рухани көпір болып табылады. Бұл көрсеткіш басқа Ресей өңірлеріне қарағанда көп. Қазақтар саны жағынан Астрахан облысында орыстардан кейін екінші орында тұр.
Кездесу барысында Игорь Бабушкинге 2-дәрежелі "Достық" ордені табыс етілді. Ермек Көшербаев атап өткендей, марапат губернатордың екі жақты ынтымақтастықты дамытудағы және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтудағы еңбегін мойындау болып табылады.
Сапар аясында tлші "Астрахань сетевязальная фабрикасы" АҚ және "Флотпроект" ЖШС болды.