https://sputnik.kz/20220528/petropavlda-qazaq-drama-teatrynyn-qurylysy-ush-zhyldan-beri-zhurip-zhatyr-25138988.html
Петропавлда қазақ драма театрының құрылысы үш жылдан бері жүріп жатыр
Петропавлда қазақ драма театрының құрылысы үш жылдан бері жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жаңа мәдениет ошағының ашылуы 2019 жылы Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтеді деп жоспарланған еді 28.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-28T13:08+0500
2022-05-28T13:08+0500
2022-05-28T13:08+0500
өңірлер
петропавл
театр
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1c/25138089_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_0e9135359fa784b4263d143861bae1ca.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 28 мамыр — Sputnik. Петропавлда жаңа қазақ драма театрының құрылысы үш жылдан бері аяқталмай жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.500 орынға арналған жаңа театр 2019 жылы ашылады деп жоспарланған болатын. Жоба бойынша қазақ драма театры неоклассикалық стильде безендірілуі керек. 45 адамға арналған оркестр орны бар. Театр соңғы үлгідегі техникамен жабдықталады деп көзделіп отыр. Сонымен қатар ауқымды концерттер өткізуге мүмкіндік беретін мінсіз акустика болуы керек.Журналистермен өткен кездесулердің бірінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов театрдың ашылу салтанатына Димаш Құдайберген мен "A-Студио" тобын шақыруға уәде етті. Алайда нысанның құрылысы мен оның ашылуы үш жылға созылды.Қаланы аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады деп сендірді."Мердігер өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алмағандықтан кідіріс болды. Жоба 2019 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ құрылыс компаниясы белгілі бір себептермен оны орындай алмады", - деді өңір басшысы.Ол компниямен келісімшарттың мерзімі бірнеше рет ұзартылып, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенін және ақшалай көмек көрсетілгенін айтты."Бірақ олар адамдарды, техниканы ұйымдастыра алмады. Әрдайым кідіріс пен мерзімнен кешігу болды. Біз сотқа шағымдандық та, сот мердігер өзінің міндеттерін адал орындамағаны туралы шешім шығарды. Қазір басқа компания жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін театр құрылысын аяқтаймыз деп үміттенемін", - деп түйіндеді Ақсақалов.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1c/25138089_106:0:1815:1282_1920x0_80_0_0_79fedadffde9c447963ba34b5be6d303.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, театр
Петропавлда қазақ драма театрының құрылысы үш жылдан бері жүріп жатыр
Жаңа мәдениет ошағының ашылуы 2019 жылы Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтеді деп жоспарланған еді
ПЕТРОПАВЛ, 28 мамыр — Sputnik. Петропавлда жаңа қазақ драма театрының құрылысы үш жылдан бері аяқталмай жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
500 орынға арналған жаңа театр 2019 жылы ашылады деп жоспарланған болатын. Жоба бойынша қазақ драма театры неоклассикалық стильде безендірілуі керек. 45 адамға арналған оркестр орны бар. Театр соңғы үлгідегі техникамен жабдықталады деп көзделіп отыр. Сонымен қатар ауқымды концерттер өткізуге мүмкіндік беретін мінсіз акустика болуы керек.
Журналистермен өткен кездесулердің бірінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов театрдың ашылу салтанатына Димаш Құдайберген мен "A-Студио" тобын шақыруға уәде етті. Алайда нысанның құрылысы мен оның ашылуы үш жылға созылды.
Қаланы аралау барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында аяқталады деп сендірді.
"Мердігер өзіне жүктелген міндеттемелерді орындай алмағандықтан кідіріс болды. Жоба 2019 жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ құрылыс компаниясы белгілі бір себептермен оны орындай алмады", - деді өңір басшысы.
Ол компниямен келісімшарттың мерзімі бірнеше рет ұзартылып, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенін және ақшалай көмек көрсетілгенін айтты.
"Бірақ олар адамдарды, техниканы ұйымдастыра алмады. Әрдайым кідіріс пен мерзімнен кешігу болды. Біз сотқа шағымдандық та, сот мердігер өзінің міндеттерін адал орындамағаны туралы шешім шығарды. Қазір басқа компания жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін театр құрылысын аяқтаймыз деп үміттенемін", - деп түйіндеді Ақсақалов.