https://sputnik.kz/20220528/balalardyn-zhol-apatynan-koz-zhumu-korsetkishi-25135399.html
Балалардың жол апатынан көз жұму көрсеткіші
Балалардың жол апатынан көз жұму көрсеткіші
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жыл сайын жол апатынан жарақат алған және көз жұмған балалар саны артып жатыр. Sputnik Қазақстан инфографикасынан толығырақ ақпаратты көріңіз. 28.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-28T08:10+0500
2022-05-28T08:10+0500
2023-08-10T11:58+0500
инфографика
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1b/25129558_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_25a51f142cdfa85393bdcd0e926af1c2.png
ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, әрбір бесінші жол апаты кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болады. Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала қаза тауып, 3 мыңнан астам бала жарақат алады.Осы жылдың төрт айында Қазақстанда кәмелет жасына толмағандардың кінәсінен 35 жол апаты болып, соның салдарынан төрт бала көз жұмып, кәмелетке толмаған 45 бала түрлі дене жарақатын алған.Жалпы, сәуір айындағы мәлімет бойынша, республика жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 796 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде болған қайғылы оқиғалардан 10,6%-ке жоғары.Осы жол апаттарының салдарынан 42 бала көз жұмды. Тағы 957 бала жарақат алды. Қайтыс болғандар санының өсуі 44,8%-ті, жараланғандар көрсеткіші 15,7%-ті құрады.ІІМ мәліметінше, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушы болған. Ал қалған жартысы – жаяу жүргіншілер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1b/25129558_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_439a13de62c454b4e003589ccec853d0.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфографика, жол апаты
Балалардың жол апатынан көз жұму көрсеткіші
08:10 28.05.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Қазақстанда жыл сайын жол апатынан жарақат алған және көз жұмған балалар саны артып жатыр. Sputnik Қазақстан инфографикасынан толығырақ ақпаратты көріңіз.
ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, әрбір бесінші жол апаты кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен болады. Жыл сайын жол апатынан 200-ге жуық бала қаза тауып, 3 мыңнан астам бала жарақат алады.
Осы жылдың төрт айында Қазақстанда кәмелет жасына толмағандардың кінәсінен 35 жол апаты болып, соның салдарынан төрт бала көз жұмып, кәмелетке толмаған 45 бала түрлі дене жарақатын алған.
Жалпы, сәуір айындағы мәлімет бойынша, республика жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 796 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде болған қайғылы оқиғалардан 10,6%-ке жоғары.
Осы жол апаттарының салдарынан 42 бала көз жұмды. Тағы 957 бала жарақат алды. Қайтыс болғандар санының өсуі 44,8%-ті, жараланғандар көрсеткіші 15,7%-ті құрады.
ІІМ мәліметінше, зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушы болған. Ал қалған жартысы – жаяу жүргіншілер.