Оқиға

Жасөспірім 5 млн теңгесі бар сөмкені әкесіне апарып берді – полиция тергеуді бастады

CC0 / pixabay.com / Сумка
Сумка - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Қостанай тұрғыны елорда көлік алуға келіп, сөмкесінен айырылып қалды
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көлік сатып алуға келген ер адам ақшасы бар сөмкесін ағашқа іліп, темір тұлпарды қарап жүргенде 5 миллион теңгенің қалай ұрланғанын байқамай қалды.
Полицейлер видео арқылы жас ұрыны ұстады. Ол барлық ақшаны әкесіне апарып берген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 24 мамырда Қостанай облысының тұрғыны "Колеса" сайтында көлікті көру үшін астанаға келген. Өзімен бірге ақшасы да болды. Түстен кейін Жеңіс даңғылында көлік иесімен кездесіп, ауласында тұрған темір тұлпарды көрген. Ал 5 миллион теңгесі бар сөмкесін ағаш бұтағына іліп қойды. Екеуі көліктің айналысып жүргенде ақша жоғалды.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қарап, ұрыны анықтады. Видеода жасөспірімнің сөмкені алып кеткенін анық көрінеді.
"Сарыарқа" аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері бір сағаттың ішінде ұрыны ұстады. Ол 12 жасар жасөспірім болып шықты. Бала ақша салынған сөмкені әкесіне апарып берген", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ақша иесіне қайтарылды.
Жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынды.
Жаңалықтар
0