https://sputnik.kz/20220527/turgyn-uy-kezegi-oskemen-25119422.html
Тұрғын үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылды
Тұрғын үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші банктің мобильді қосымшасымен 450 мың теңге қаражатты алаяққа аударып жіберген 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T12:35+0500
2022-05-27T12:35+0500
2022-05-27T12:35+0500
тұрғын үй
баспана
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй алу кезегін "айналып өтуге" тырысқан қыз алаяққа алданды, деп хабарлады Polisia.kz.Сәуір айының соңында Өскемен қаласының полициясына 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол осы жылдың 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен 450 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдап алғанын хабарлады.Жәбірленуші тұрғын үй кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасымен қаражатты аударған.Арызды қабылдап алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кірісті. Осылайша қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, баспана
Тұрғын үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылды
Жәбірленуші банктің мобильді қосымшасымен 450 мың теңге қаражатты алаяққа аударып жіберген
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй алу кезегін "айналып өтуге" тырысқан қыз алаяққа алданды, деп хабарлады Polisia.kz.
Сәуір айының соңында Өскемен қаласының полициясына 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол осы жылдың 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен 450 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдап алғанын хабарлады.
Жәбірленуші тұрғын үй кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасымен қаражатты аударған.
Арызды қабылдап алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кірісті. Осылайша қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.