Оқиға

Талдықорғанда оқушы мектеп жанында көз жұмды

© Photo : christelsМотоцикл
Мотоцикл - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Оқушы соққы кезінде ауыр жарақат алған
ТАЛДЫҚОРҒАН, 27 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 17 жастағы оқушы мотоцикилмен өзі оқитын мектептің шарбағына соғылып, көз жұмды.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 мамырда Талғар ауданының Еламан ауылында болған.
9 "А" сыныбының оқушысы сағат 11.45 шамасында мотоциклмен мектептің жанында бордюрге шығып кеткен.
Фельдшер мен мектеп медбикесі оған алғашқы көмек көрсетуге тырысты. Алайда оқушы соққы кезінде ауыр жарақат алған. Ол алған жарақаттан сол жерде көз жұмды.
Басқараманың мәліметінше, оқушы емтиханға асығып бара жатты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
9 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханы ертең, 28 мамырда, басталады. Оқушы дайындық сабағынан кейін мектептен сағат 10.30-да шыққан.
Жаңалықтар
0