https://sputnik.kz/20220527/qazaqstandyq-zeynetaqy-qory-25132905.html
Қазақстандықтар зейнетақы қорына жыл басынан 523 млрд теңге аударды
Қазақстандықтар зейнетақы қорына жыл басынан 523 млрд теңге аударды
Sputnik Қазақстан
Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T21:57+0500
2022-05-27T21:57+0500
2023-08-11T11:40+0500
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948636_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_d9c0e7106f219c8fae8c8e067110fcee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 523 миллиард теңгеден астам қаржы аударған, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.Жалпы, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы сақтаулы. Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды. 2022 жылдың 1 мамырына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 870 075. Сондай-ақ мәлім етілгендей, жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 831,7 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 37,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948636_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_d0d7da6c0ab43b72fe2b562f31b6be98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Қазақстандықтар зейнетақы қорына жыл басынан 523 млрд теңге аударды
21:57 27.05.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 523 миллиард теңгеден астам қаржы аударған, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
"2022 жылдың төрт айында салымшылардың шоттарына шамамен 523,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27% немесе 110,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек", - делінген мәліметте.
Жалпы, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы сақтаулы.
Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды. 2022 жылдың 1 мамырына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 870 075.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 831,7 млрд теңге.
Жасына байланысты төлемдер – 37,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге.