Денсаулық

Қазақстанда вейпке тыйым салына ма

CC0 / haiberliu / Вейп
Вейп - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Бұған дейін мәжіліс депутаты вейптерге толығымен тыйым салуды ұсынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмиля Садықова вейпке тыйым салу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұйым басшысының айтуынша, мәжіліс депутаты Зарина Қамасова вейптердің айналымына тыйым салу туралы түзетуді заң жобасына енгізген. Қазіргі кезде осы мәселе талқыланып жатыр.
"Оған қоса, акциздерге қатысты өзгеріс болады. Ол девайс бағасының 50 процентін құрайды. Мысалы, бағасы 2 мың болса, үстінен тағы мың теңге қосылады. Осылайша, ондай тауарлар қымбат, жастарға қолжетімсіз болады деген жоспар бар. Мәжіліс депутаттары осы түзетуді жақын арада қарастырып, қолдайды деп сенемін. Білуімше, денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр", - деді Садықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.
Оның ойынша, вейптерге толығымен тыйым салу керек. Онсыз жастар арасындағы вейп эпидемияны тоқтату мүмкін емес.

"Вейптерге тыйым салынғанша, салығын көбейту керек. Бюджеттің кірісі артады. Ал тыйым салынғанда салық төлетудің қажеті болмай қалады. Меніңше, мәжіліс қолдаса, бір жыл ішінде тыйым салынады", - деп атап көрсетті Садықова.

Айта кетері, бұған дейін мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин вейптерге толығымен тыйым салуды ұсынды. Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, "вейптерге тыйым салынса, адам денсаулығына қауіпті басқа да тауарларға тыйым салу мәселесі туындайды".
Сондықтан осы мәселені экономикалық жолмен шешу керек. Вейптер қымбат болса, оны алатын адамдар да азаяды.
Жаңалықтар
0