https://sputnik.kz/20220527/qaragandy-zagip-zhetkinshek-pater-25110140.html
Қарағандылық зағип жеткіншек ұтып алған ақшасын пәтер алуға жұмсамақ
Қарағандылық зағип жеткіншек ұтып алған ақшасын пәтер алуға жұмсамақ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қарағандыда 14 жастағы зағип жеткіншек домбырашылар байқауынан 8 миллион теңге ұтып алды. Нұрдәулет Сағатбек бұл қаражатты... 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T08:28+0500
2022-05-27T08:28+0500
2022-05-27T08:28+0500
домбыра
байқау
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_0:52:1241:750_1920x0_80_0_0_b77918b0ef1332e3b239abacfb3e2987.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қарағандыда 14 жастағы зағип жеткіншек домбырашылар байқауынан 8 миллион теңге ұтып алды. Нұрдәулет Сағатбек бұл қаражатты отбасына пәтер алуға жұмсамақшы, деп хабарлады "Астана" арнасы.Ата-анасы баспанасын кезінде көзі нашар көретін ұлын емдету үшін сатып жіберген көрінеді.Нұрдәулет жан дүниесін "Арман" атты авторлық күйінің сазды әуезімен жеткізеді. Ол көзінің нашар көретініне қарамастан қазақ композиторларының көптеген туындысын жетік меңгерген."Күй арқылы қуанышыңды, мұңыңды жеткізуге болады, күй құдіреті деген осы", - дейді "Домбыра-Дастан" байқауының жеңімпазы Нұрдәулет Сағатбек.Нұрдәулетті анасы 11 жасында үйірмеге берген. Содан бері талай жарыста топ жарыпты. Ал жақында І республикалық "Домбыра- Дастан" байқауында бас жүлдені жеңіп алған. 8 миллион теңге бәйге алыпты. Нұрдәулет Сағатбек ол ақшаны отбасына пәтер алуға жұмсамақшы.Дәрігерлер Нұрдәулетке 18 жасқа толған соң ғана операция жасатқан дұрыс деген соң, ол осындай шешім қабылдапты. Қазір жасатса, мүлде көрмей қалам ба деп қорқады. Ал анасы ұлының оқу орындарында музыкалық білім алғанын қалайды. Алайда олар ерекше балаларды қабылдамайды дейді."Музыкалық колледжлерге хабарласқанымда инклюзивті білім беру бізде қарастырылмаған, оқыта алмаймыз деп айтты. Сондықтан осы мәселені қарастырып көрсе жақсы болар еді. Қазақстанда осындай балалар көп деп ойлаймын, соларға оқуға мүмкіндік беруін сұраймын", - дейді Нұрдәулеттің анасы Эльмира Жапқараева.Нұрдәулеттің айтуынша, оның күйлері "армандар орындалады", "мен ешқашан сынбаймын" деп күмбірлейді. Ол болашақта атақшы күйші, композитор болатынына сенеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1167/93/11679303_86:0:1153:800_1920x0_80_0_0_c18d9521614fc0b9b2aa7d03ee0dbd0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
домбыра, байқау
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қарағандыда 14 жастағы зағип жеткіншек домбырашылар байқауынан 8 миллион теңге ұтып алды. Нұрдәулет Сағатбек бұл қаражатты отбасына пәтер алуға жұмсамақшы, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Ата-анасы баспанасын кезінде көзі нашар көретін ұлын емдету үшін сатып жіберген көрінеді.
Нұрдәулет жан дүниесін "Арман" атты авторлық күйінің сазды әуезімен жеткізеді. Ол көзінің нашар көретініне қарамастан қазақ композиторларының көптеген туындысын жетік меңгерген.
"Күй арқылы қуанышыңды, мұңыңды жеткізуге болады, күй құдіреті деген осы", - дейді "Домбыра-Дастан" байқауының жеңімпазы Нұрдәулет Сағатбек.
Нұрдәулетті анасы 11 жасында үйірмеге берген. Содан бері талай жарыста топ жарыпты. Ал жақында І республикалық "Домбыра- Дастан" байқауында бас жүлдені жеңіп алған. 8 миллион теңге бәйге алыпты. Нұрдәулет Сағатбек ол ақшаны отбасына пәтер алуға жұмсамақшы.
"Біздің пәтеріміз жоқ, оны ата-анама беремін деп шештім. 8 миллионның сегіз жүз мыңына жақында мына домбыраны алдым. Кейін өсе келе 17- 18 жасқа толғаннан кейін көзіме операция жасатам деген ойым бар", - дейді Нұрдәулет.
Дәрігерлер Нұрдәулетке 18 жасқа толған соң ғана операция жасатқан дұрыс деген соң, ол осындай шешім қабылдапты. Қазір жасатса, мүлде көрмей қалам ба деп қорқады. Ал анасы ұлының оқу орындарында музыкалық білім алғанын қалайды. Алайда олар ерекше балаларды қабылдамайды дейді.
"Музыкалық колледжлерге хабарласқанымда инклюзивті білім беру бізде қарастырылмаған, оқыта алмаймыз деп айтты. Сондықтан осы мәселені қарастырып көрсе жақсы болар еді. Қазақстанда осындай балалар көп деп ойлаймын, соларға оқуға мүмкіндік беруін сұраймын", - дейді Нұрдәулеттің анасы Эльмира Жапқараева.
Нұрдәулеттің айтуынша, оның күйлері "армандар орындалады", "мен ешқашан сынбаймын" деп күмбірлейді. Ол болашақта атақшы күйші, композитор болатынына сенеді.