Президент мың домбырашының жетекшісіне алғыс айтты

© Sputnik / Абзал Калиевдомбыра
домбыра - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Бұл шара Гиннесс рекордтар кітабына "Ең ауқымды домбыра сабағы" атауымен енуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гиннестің рекордар кітабына ұсынылған домбыра сабағының ұстазы, мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
25 мамырда елордадағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің мыңнан астам оқушысы бір мезетте күй орындады. Бұл шара Гиннесс рекордтар кітабына "Ең ауқымды домбыра сабағы" атауымен енуі мүмкін.
Оған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған жетекшілік етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғыс хатында қайраткердің халық мұрасын насихаттау және үйрету жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Айтжан Тоқтаған көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, авторларын анықтауға атсалысып келеді.
"Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазіргі таңда музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін", – делінген алғыс хатта.
Айта кетері, Guinness World Records-қа өтінім былтыр желтоқсан айында берілген.
Гиннесс рекордтар кітабының талабы бойынша ауқымды сабақты 25-тен астам стюард пен 2 куәгер қадағалады. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылады.
Жаңалықтар
0