Оқиға

Павлодарда болған жаппай төбелестің себебі анықталды - видео

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуМассовая драка, архивное фото
Массовая драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Тәртіп сақшылары төбелесті тоқтатып, оқиғаның мән-жайын анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Павлодарда Торайғыров көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 26 мамырда таңғы сағат 4.00-де жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы жаппай төбелесті көрген. Оқиға орнына бірден автопатрульдер жіберілген.
Тәртіп сақшылары төбелесті тоқтатып, оқиғаның мән-жайын анықтады. Жанжал қызғаныштан туындаған. Бір қыз түнгі клубқа жігітімен бірге барған. Ол жерде "бұрынғы" жігіті де жүрген. Екеуі сөзге келіп қалып, жанжалдың арты төбелеске ұласты. Оған екі жақтың достары да қосылып кеткен.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция барлығын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Әрбіреуі Әкімішілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") мен 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") бойынша жауапқа тартылды.
Осы әрекет үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (15 315 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Төбелес - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2022
Оқиға
Полиция Алматыдағы төбелес видеосына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар
0