Әлем

Орталық Азияның кейбір елінде ресейлік арналар бұғатталды

© Sputnik / Владислав ВодневПульт
Пульт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Орталық Азияның кейбір мемлекетінде ресейлік арналар көрсетпей қалды. Байланыс операторлары халықаралық жерсеріктерінде Ресейдің кейбір арнасын біржақты тәртіпте бұғаттап тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Қырғызстанда Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радиотарату компаниясының арналарына уақытша шектеу қойылды. Оны елдегі ірі провайдер - "Акнет" компаниясы да растады.

"Бірқатар елде жалпыресейлік телеарналарды тарату бойынша заңды шектеулердің енгізілуіне байланысты халықаралық жерсеріктерінде ВГТРК телеарналары бұғатталды. Сол себепті "Россия Культура", "Россия 24" және "Звезда" телеарналарының трансляциясы уақытша қолжетімсіз", - делінген ресми хабарламада.

Провайдердің мәліметіне сәйкес, телеарналар операторы жағындағы барлық жұмыс аяқталғаннан кейін телеарналар қолжетімді болады. Түрікменстан да дәл сондай проблемаға тап болды. Осы елдің байланыс операторы шетелдік жерсеріктерінің жалпыресейлік арналарды бұғаттап тастағанын мәлімдеді.
Түрікменстанда "Россия 1", "Россия Культура" мен "Звезда" көрсетпей тұр. Бірақ Первый канал, "Россия 24", "РенТВ", РБК, НТВ және тағы басқа арналар қолжетімді.
Ал Тәжікстанда Россия 1, Россия 24 және "Первый канал" көрсетпейді.
Орталық Азия елдерінде ресейлік арналарды таратуды тоқтату америкалық жерсеріктерден ажыратылуына байланысты болды, деді Sputnik-ке Бүкілресейлік мемлекеттік теледидар және радиохабар компаниясы (ВГТРК) халықаралық қатынастар дирекциясының директоры Петр Федоров.
Жаңалықтар
0