Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда велошеруден кейін бағалы сыйлықтар ойнатылады

© Photo : ДВД Северо-Казахстанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. 28 мамыр күні Нұр-Сұлтанда велошеру ұйымдастырылады. Қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Велошеруге қатысушылар екі қашықтықты жүріп өту қажет:
Кіші қашықтық – 3 км, Үркер (Ильинка) елді мекенінің "Жасыл белдеу" саябағына дейін.
Үлкен қашықтық – 20 км, айналма веложолдан (Қосшы жағына қарай жол бойында) бастап, Үркер (Ильинка) елді мекенінің "Жасыл белдеу" саябағына дейін.
"Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады. Ал басталуы сағат – 10:00-де. Жаңа веломаусымның ашылуына орай өтетін іс-шараға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Велошеру аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады", - дейді ұйымдастырушылар.
Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуге тиіс. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға қызықтыру.
Жаңалықтар
0