https://sputnik.kz/20220527/nur-sultan-qaragandy-prokuror-25113307.html
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Бас прокурор мемлекет басшысының келісімімен Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокурорын тағайындады. 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T10:12+0500
2022-05-27T10:12+0500
2022-05-27T10:12+0500
прокурор
https://sputnik.kz/img/old/123/64/1236464_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_1ae00bc72bcc4f8228d815da10c45b0a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Бас прокурор мемлекет басшысының келісімімен Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокурорын тағайындады.Бұйрыққа сәйкес, III санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Қарағанды облысының прокуроры болды. Бұған дейін ол елорда прокуратурасын басқарған.Мырзакеров еңбек жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі болып бастаған. Осыдан кейін Шымкент, Өскемен, Сарыөзек пен Қапшағай гарнизондарында әскери прокуратурада басшылық қызметтер атқарды. Бас әскери прокурордың орынбасары болды. Павлодар облыстық прокуратурасында жұмыс істеді. Артынан бас прокуратурада заңды күшіне енген үкімдерді орындау мен заңдылығын қадағалау қызметіне жетекшілік етті.2019 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасын басқарды. Бүгін оның орнына аға әділет кеңесшісі Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов тағайындалды.Өтегенов те прокуратура органдарында 1997 жылдан бері істеп келеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының прокуратураларында еңбек етті, басшылық қызметтер атқарды. Алматы қалалық табиғатты қорғау прокуроры мен Қарасай аудандық прокурорының орынбасары болды. Ал Ақмола облысында Целиноград және Егіндікөл аудандық прокуроры, сондай-ақ Алматы облысының Талғар аудандық прокуроры болып жұмыс істеді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасын басқарды.2019 жылдың маусым айынан бері Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/123/64/1236464_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_39a35e4e0cd710aa2b83815fd6df33a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокурор
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Бас прокурор мемлекет басшысының келісімімен Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокурорын тағайындады.
Бұйрыққа сәйкес, III санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Қарағанды облысының прокуроры болды. Бұған дейін ол елорда прокуратурасын басқарған.
Мырзакеров еңбек жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі болып бастаған. Осыдан кейін Шымкент, Өскемен, Сарыөзек пен Қапшағай гарнизондарында әскери прокуратурада басшылық қызметтер атқарды. Бас әскери прокурордың орынбасары болды. Павлодар облыстық прокуратурасында жұмыс істеді. Артынан бас прокуратурада заңды күшіне енген үкімдерді орындау мен заңдылығын қадағалау қызметіне жетекшілік етті.
2019 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасын басқарды. Бүгін оның орнына аға әділет кеңесшісі Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов тағайындалды.
Өтегенов те прокуратура органдарында 1997 жылдан бері істеп келеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласының прокуратураларында еңбек етті, басшылық қызметтер атқарды. Алматы қалалық табиғатты қорғау прокуроры мен Қарасай аудандық прокурорының орынбасары болды. Ал Ақмола облысында Целиноград және Егіндікөл аудандық прокуроры, сондай-ақ Алматы облысының Талғар аудандық прокуроры болып жұмыс істеді. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасын басқарды.
2019 жылдың маусым айынан бері Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары болды.