Мырзатай Жолдасбеков 85 жасқа толды: қаламгерді президент құттықтады

© Sputnik / Даурен ЕрболатовМырзатай Жолдасбеков
Мырзатай Жолдасбеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы қазақ халқы Мырзатай Жолдасбековті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, қарымды қаламгер ретінде жақсы білетінін және құрметтейтінін атап өтті.
"Ұстаздықтан басталған еңбек жолыңызда министр, премьер-министрдің орынбасары, елші, университет ректоры, президенттік орталықтың басшысы сияқты жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, еліміздің мәртебесі мен беделінің арта түсуіне атсалыстыңыз. Әдеби қазынамыздың қайнар бұлағы болған ақын-жыраулардың шығармашылығын жаңа қырынан көрсетіп, қазақ үшін айтыс өнерінің айрықша рөл атқаратынын дәлелдеп бердіңіз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін терең зерделедіңіз", – деп жазылған құттықтау жеделхатында.
Тоқаев сондай-ақ қаламгердің "Ежелгі әдебиет нұсқалары", "Күлтегін", "Асыл сөздің атасы", "Кісілік кітабы", "Таңғаламын өмірдің ғажабына" және басқа да кітаптарыңы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен жаңғыртудың жарқын үлгісі екенін баса айтқан.
"Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, ел-жұрттың шынайы құрметіне бөленіп, мерейіңіздің үстем бола беруіне тілектестік білдіремін", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0