Қоғам

Дәмханалар бағаны көтереді: рестораторлар салықты төмендетуді сұрап отыр

© Sputnik / Тимур БатыршинДәмхана
Дәмхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
Тамақтану қызметтері бүкіл ел бойынша қымбаттап жатыр. Бір жыл ішінде баға 14%-ке өсті
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтарға дәмхана мен мейрамханаларға бару қымбатқа түсіп жатыр. Қоғамдық тамақтану қызметтері бір жылда орташа есеппен 14%-ке қымбаттады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Бұған жол бермеу үшін кәсіпкерлер өз салалары үшін қосымша құн салығын алып тастауды және бөлшек сауда салығын көбейтпеуді сұрап отыр.
Мәселен, Алматыдағы танымал дәмханалардың бірінде қаңтар оқиғасынан кейін кеспе, лагман және манты бағасы шамамен 5%-ке өсіруге тура келген. Мұнда түскі ас 5 мың теңге шамасында. Бірақ, егер үкімет салық мөлшерлемесін қайта қарамаса, баға одан да қымбаттауы мүмкін.
Кәсіпкерлер өз салаларын қосымша құн салығынан босатуды сұрайды.
"Біз қосымша құн салығын алып тастауды және ақша айналымынан 3% жасауды сұраймыз, қазір 12%. Егер айталық, біз 100 теңгеге сатып алдық, онда қосылған құнның 12%-ін салыққа төлеуге тиіспіз. Біз өзіміздің өнімнің сату бағасын көтеруіміз керек, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Қазір менің әріптестерім бағаны көтерген кезде келушілер 20-30%-ке азайып кетті", - дейді қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы Гүлбану Майғарина.
Кәсіпкерлер азық-түлік бағасы қарқынды өсіп жатқанын алға тартты. Егер бұған жоғары салық қосылса, онда бизнес тиімсіз болады.
"Қазір 3%, бөлшек салық жүйесі бар. Бірақ биылдан бастап бөлшек салық 6% болды, 2025 жылға дейін осылай есептелген. Тиісінше, айналымнан 6% төлеген кезде біз өз пайдамыздың 80%-ін береміз", - дейді Майгарина.
Тамақтану қызметтері бүкіл ел бойынша қымбаттап жатыр. Бір жыл ішінде баға 14%-ке өсті. Елордалық кафелер мен мейрамханаларда бұрынғыға қарағанда бірден 37%-ке артық төлеуге тура келеді. Екінші орында – Түркістан облысы. Үшінші орында - Ақмола облысы. Ақтөбе облысында өсім біршама төмен – шамамен 12%.
Жаңалықтар
0