Видео

Айсұлтан Сейітовтің дебюттік фильмінің алғашқы тизері шықты - видео

Жазылу
Картина отарлау саясатының қиын кезеңдері мен 20-сыншы ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы баяндайды
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Желіде қазақстандық режиссер, клипмейкер Айсұлтан Сейітовтің дебюттік "Қаш" фильмінің алғашқы тизері пайда болды.
Видеоға сүйенсек, картина тарихи триллер жанрында түсірілген. Отарлаудың қиын кезеңдері мен өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық туралы баяндайды.
Бас кейіпкер қабірші Исатай қиын таңдау алдында қалады. Оның шешімі бүкіл ауыл тағдырына әсер етеді. Бұл рөлді Еркебұлан Дайыров сомдайды.
"Қаш" фильмі кинотеатрларда биыл күзде көрсетіледі. Картинаға Оңдасын Бесікбасов, Исбек Әбілмәжінов, Толғанай Талғат, Александр Паль және Варвара Шмыкова қатысты. Қоюшы оператор - Азамат Дулатов.
"Фильм түсіру кезінде көптеген кедергіге тап болдық. Дистрибьюторлар "комедия болмаса, қазақстандық фильмдерге сенбейбіз" деп отыр", - деп жазды Айсұлтан Сейітов әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, қазақстандық кино әр түрлі болуы мүмкін.
"Біз кино дамитынына сенеміз. Біз "ҚАШ"-қа сенеміз. Ең бастысы, біз көрерменге сенеміз", - деп қосты режиссер.
"Қаш" фильмі Алматыдағы Qara продакшн-студиясының қолдауымен түсірілген.
Жаңалықтар
0