https://sputnik.kz/20220527/aqtobe-oblysy-zhol-ayyppul-25109037.html
Ақтөбе облысында жолға жауапты 60-тан астам шенеунікке айыппұл салынды
Ақтөбе облысында жолға жауапты 60-тан астам шенеунікке айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Жолды жақын арада жөнге келтірмесе, екінші қайтара әрқайсына миллион теңгеден айыппұл салынады 27.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-27T07:06+0500
2022-05-27T07:06+0500
2022-05-27T07:06+0500
жол
ақтөбе облысы
айыппұл
https://sputnik.kz/img/1021/94/10219478_0:265:3169:2048_1920x0_80_0_0_5827e33611764b864726ff6cea8b834f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында шұрық-тесік жолға жауапты алпыстан астам шенеунік жазаға тартылды. Енді олардың әрқайсысы бюджетке 120 мың теңгедей айыппұл төлеуге тиіс, деп хабарлады КТК.Әкімшілік полиция басқармасындағылар жол қауіпсіздігіне қатысты аймақта тексеру жүргізген. Трассаның бойындағы ой-шұңқырды, асфальттағы жарықтарды санап шығыпты. Қадағалап жүріп 250-ден аса ақау тапқан. Тақтайдай тегіс болмаса да, жолдың шұрық-тесігін жамауға жарамаған аудан мен ауылдың 20 әкімі, Автомобиль жолдары басқармасы мен бөлімдерінің жеті басшысы, жолға жауапты әкімдіктің өзеге де мамандары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Енді сол жолды жақын арада жөнге келтірмесе, екінші қайтара әрқайсына салынар айыппұл көлемі миллион теңгеден асатын болады. Ал Ақтөбе облысының жолын жөндеуге және жаңа салуға қазынадан биыл 32 миллиард теңге бөлінген. Қыруар ақшаға қарық қылып тас төсеп жатқандары шамалы деп налиды көлік жүргізушілері."Жолда қауіпті шұңқырлар пайда болған. Жүргізуші осы шұңқырларды айналып өтемін деп, қарсы бетке шығып кетуі мүмкін. Сол себептен уақытында тексеріп, ұйғарымға келіп, айыппұл салып жатырмыз", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Өтеген.
https://sputnik.kz/20220420/qazaqstanda-zhol-salu-24330498.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/94/10219478_144:0:2875:2048_1920x0_80_0_0_5da48ae11d5504f1742481b72cc9e242.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, ақтөбе облысы, айыппұл
жол, ақтөбе облысы, айыппұл
Ақтөбе облысында жолға жауапты 60-тан астам шенеунікке айыппұл салынды
Жолды жақын арада жөнге келтірмесе, екінші қайтара әрқайсына миллион теңгеден айыппұл салынады
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында шұрық-тесік жолға жауапты алпыстан астам шенеунік жазаға тартылды. Енді олардың әрқайсысы бюджетке 120 мың теңгедей айыппұл төлеуге тиіс, деп хабарлады
КТК. Әкімшілік полиция басқармасындағылар жол қауіпсіздігіне қатысты аймақта тексеру жүргізген. Трассаның бойындағы ой-шұңқырды, асфальттағы жарықтарды санап шығыпты. Қадағалап жүріп 250-ден аса ақау тапқан. Тақтайдай тегіс болмаса да, жолдың шұрық-тесігін жамауға жарамаған аудан мен ауылдың 20 әкімі, Автомобиль жолдары басқармасы мен бөлімдерінің жеті басшысы, жолға жауапты әкімдіктің өзеге де мамандары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Енді сол жолды жақын арада жөнге келтірмесе, екінші қайтара әрқайсына салынар айыппұл көлемі миллион теңгеден асатын болады. Ал Ақтөбе облысының жолын жөндеуге және жаңа салуға қазынадан биыл 32 миллиард теңге бөлінген. Қыруар ақшаға қарық қылып тас төсеп жатқандары шамалы деп налиды көлік жүргізушілері.
"Жолда қауіпті шұңқырлар пайда болған. Жүргізуші осы шұңқырларды айналып өтемін деп, қарсы бетке шығып кетуі мүмкін. Сол себептен уақытында тексеріп, ұйғарымға келіп, айыппұл салып жатырмыз", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркін Өтеген.